Оралда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған компанияға айыппұл салынды

Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында «ПСП «Серік» ЖШС-ға қатысты іс қаралды.

Фото: БҚО ТЖД

Облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, биылғы 23 тамызда БҚО ТЖ департаменті аталмыш серіктестікке Орал қаласы Абай даңғылы 101-мекенжайында орналасқан «Сити Центр» сауда ойын-сауық орталығы аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілерін жою туралы нұсқама берген.

Негізгі бұзушылықтар сауда дүңгіршектерінің ғимараттан алшақтығына қатысты болды. Бұл төтенше жағдай орын алған жағдайда келушілердің өміріне қауіп төндіруі мүмкін еді. Нұсқамада бұзушылықтарды 22 қазанға дейін жою талап етілген, алайда белгіленген мерзімде бұл талаптар орындалмаған.

Сот отырысында серіктестік өкілі бұзушылықтарды жою үшін қосымша уақыт қажет екенін түсіндірді, себебі компания дүңгіршектерді ғимаратқа біріктіруді және тиісті сәулет-құрылыс құжаттарын рәсімдеуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Әлеуметтік желіден

Іс материалдарын зерттеп, тараптарды тыңдағаннан кейін, сот нұсқаманың мерзімінде орындалмағанын анықтап, бұл әрекет ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын растады.

Сот талқылауының қорытындысы бойынша серіктестікке 516 880 теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ сот «Сити Центр» ЖШС-нің жанында орналасқан «GYROS», «ZEBRA COFFEE», «КУНЖУТ» сауда дүңгіршектерінің қызметін үш ай мерзімге тоқтатты.

Сот өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, әсіресе, адамдар көп жиналатын орындарда ең маңызды факторлардың бірі екенін ерекше атап өтті. Серіктестік өкілі нұсқаманы орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш білдіргенімен, сот оны қанағаттандырмады. Өйткені өтініш әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай тұрып, уәкілетті органға берілуі керек еді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 910-1-бабына сәйкес, егер серіктестік барлық бұзушылықты жойса, қызметін мерзімінен бұрын қайта бастауға құқылы. Сот қаулысы заңды күшіне енді, – деп хабарлады ведомстводан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Оралда City Center СОО өртенді

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером9.13 ℃
Ночью7.37 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с