БҚО-да шекарада қызметіне салғырт қараған әскери қызметші қамауға алынды

Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ҰҚК БҚО бойынша Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшісіне қатысты әкімшілік іс қаралды.

Фото: ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, келісімшарт негізінде қызмет ететін Б. деген әскери қызметші «Тасқала» өткізу бекетінде кезекшілік кезінде көлік құралының жүк бөлімін мұқият тексеруге міндетті болған.

Алайда ол формалды түрде тексеріп, тіркеменің ішіне кіріп, жүктің араларын қарамаған. Осы салғырттықтың салдарынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы Ресей Федерациясына жүк арасына жасырылған Өзбекстанның төрт азаматы заңсыз өтіп кеткен. Кейін құқық бұзушыларды Ресей Федерациясының шекара қызметкерлері ұстады.

Оқиға бойынша жүргізілген қызметтік тексеру Б-ның әрекетіндегі салғырттықты дәлелдеді. ҚР Қылмыстық кодексінің 445-бабының 1-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Әйтсе де оның әрекеті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 652-бабының 6-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық ретінде бағаланды.

-Сот отырысында Б. өз кінәсін толық мойындап, кезекшілік кезінде жүктерді дұрыс тексеру туралы бұйрықты орындамағанын жеткізді. Сот іс материалдарын зерттей келе, әскери қызметшінің басшының бұйрығын қасақана орындамағанын анықтады. Бұл әрекет қызмет мүддесіне елеулі зиян келтірмегенімен, жауапкершілікке тартуды талап етеді. Заңға сәйкес мұндай бұзушылық үшін 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау немесе айыппұл қарастырылған. Істің мән-жайларын ескере отырып, сот азамат Б-ны 7 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындау туралы шешім шығарды. Бұл шешім мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты мәселелерде қызметтік міндеттерді қатаң орындаудың маңыздылығын көрсетеді. Сот қаулысы заңды күшіне енді, – деп хабарлады ведомстводан.

KAZINFORM

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером9.13 ℃
Ночью7.37 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с