Жұрт әлі түсіне бермейтін МӘМС: келесі жылы қаншадан аударамыз?

Елдегі ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде сақталатындықтан, сәйкесінше МӘМС төлемдерінің көбі өзгеріске ұшырамайтынын атап өткен жөн.

Getty Images / Yevgeniy Sambulov

Елдегі ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде сақталатындықтан, сәйкесінше МӘМС төлемдерінің көбі өзгеріске ұшырамайтынын атап өткен жөн.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өкілдері дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды есептеу негізі ретінде ең төменгі жалақыны алатынын еске салды. 2025 жылы оның мөлшері сол күйінде қалады – 85 000 теңге. Демек, жарналармөлшері де өзгермейді.

Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін ставкалар да өзгеріссіз қалады – сәйкесінше 3% және 2%.

«Тек біржолғы төлем мөлшері өзгереді – 21,5%-дан 23,8%-ға дейін, сондай-ақ жеңілдетілген категориядағы азаматтар үшін мемлекет тарапынан жарналар мөлшері өзгереді – орташа айлық жалақының 1,9%-ынан 2%-ына дейін, бұл көрсеткіш өткен екіжылдағы ағымдағы қаржы жылының орташа айлық жалақысынан есептеледі. Бұл мәліметті мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша елдегіорташа айлық жалақы 364 295 теңге», – делінген хабарламада.

Осылайша, 2025 жылы МӘМС төлемдерінің мөлшері төмендегідей болады:

Жұмыс берушілердің жарналары – қызметкердің табысынан 3%;

Жұмысшылардың жарналары – табыстың 2%-ы;

Біржолғы төлем төлеушілер – жалақы қорынан 23,8%;

Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары – табыстың 2%-ы;

Жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – 5 950 теңге (АЕК-тің 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы, сәйкес қаржы жылының республикалық бюджет заңымен бекітілген);

Дербес төлеушілердің жарналары – 4 250 теңге (АЕК-тің 5%-ы);

Мемлекет тарапынан МӘМС-ке төленетін жарналар – 7 285,9 теңге.

SMARTNEWS.KZ

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером8.11 ℃
Ночью4.48 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с