Kaspi.kz 48 елде Alipayм+ арқылы QR-кодпен сатып алу ақысын төлеуді іске қосты

Енді үздік Kaspi.kz мобильді қосымшасының көмегімен Қытайда ғана емес, әлемнің көптеген басқа елдерінде де сатып алу ақысын QR-кодпен төлеуге болады.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:«2024 жылғы сәуірде Alipay+пен серіктестік орнатып, бүкіл Қытай бойынша сатып алу ақысын QR-кодпен төлеуді іске қостық. Осы уақыт ішінде қазақстандықтар Қытайда саяхат жасап жүріп, барлық сатып алу ақысын үздік Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы төлеуге дағдыланып алды. Біз сүйікті клиенттерімізден сүйсіне айтқан көп пікір алдық және Alipay+пен бірге ынтымақтастық аумағын 48 елге дейін кеңейтеміз деп шештік. Енді үздік Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы QR-кодпен қазақстандықтар Австрия, Германия, Ұлыбритания, Малайзия, БАӘ, Оңтүстік Корея, Жапония және әлемнің көптеген басқа елдеріндегі сауда орындарында тауарлар мен қызметтердің ақысын төлей алады. Біз серіктесіміз AliPay+ке бізбен бірге қазақстандықтардың бүкіл әлем бойынша сапарларын бұрынғыдан да ыңғайлы етуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз. Әр сүйікті клиентімізге бізбен бірге болғаны үшін рақмет айтамыз!»

Эдвард Юэ, Ant International Оңтүстік Шығыс Азия, Австралия және Жаңа Зеландия бойынша және стратегиялық серіктестік жөніндегі бас менеджер:

«Біз бүкіл әлем бойынша көптеген бағытта халықаралық мобильді төлемдерді дамытуға Kaspi.kz-ке қолдау көрсетіп отырғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл компанияға өз клиенттері үшін халықаралық төлемдерді бұрынғыдан да ыңғайлы етуге, сондай-ақ жергілікті саудагерлер үшін жаһандық тұтынушыларды көбірек тартуға мүмкіндік береді».

Елдердің толық тізімін үздік Kaspi.kz мобильді қосымшасынан қараңыз. Alipay + төлем жүйесінің логотипімен белгіленген сауда-сервис орындарында сатып алу ақысын QR-код арқылы төлеуге болады. Бүкіл әлем бойынша Alipay + арқылы төлем қабылдайтын елдер мен сауда орындарының саны барған сайын артып келеді.

Kaspi QR-дың көмегімен әлемнің 48 елінде сатып алу ақысын қалай төлеу керектігі туралы толығырақ Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Kaspi Гид сервисінен оқыңыз.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтерді жасау. Инновациялардың орталығында 14 миллионнан астам қазақстандық қолданатын Kaspi.kz мобильді суперқосымшасы тұр және елдегі жетекші электрондық коммерция, төлемдер және қаржылық қызметтер ұсынылған.

Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу арқылы тиімді онлайн зат сатып алады, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаражаттарын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Kaspi.kz кәсіпкерлер үшін Kaspi.kz Kaspi Pay суперқосымшасын жасады, оны 700 мыңнан астам қазақстандық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay қосымшасы арқылы кәсіпкерлер бизнесті дамытуға қаржы алады, төлемдерді қабылдайды, жарнамалық кампанияларды іске қосады, салық төлейді және электрондық коммерция мен жеткізу платформасына қосылып, бүкіл ел аумағында тауарларын сатады.

Harvard Business School Kaspi.kz туралы екі оқу материалын жазып, магистранттарға білім беруде қолданады. Kaspi.kz – 2024 жылдың қаңтарынан бастап Nasdaq америкалық биржасында акциялары орналастырылған ашық компания.

Alipay+ туралы

Alipay+ трансшекаралық мобильді төлемдер мен цифрландыруға арналған технологиялық шешімдер жиынтығы. Бұл шешімдер бүкіл әлем бойынша сатушыларды сатып алушылармен байланыстырады. Пайдаланушыларға төлемдердің жылдамдығы және шетелге сапар кезінде тауарлар мен қызметтерді төлеу әдістерінің алуан түрлілігі ұнайды. Шағын және орта бизнес Alipay+ цифрлық құралдарын пайдаланып, тиімділігін арттырып, көп арналы өсуге қол жеткізе алады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером10.96 ℃
Ночью8.26 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с