Ресей ұшақ апаты үшін кешірім сұрауы керек – Әзербайжан депутаты

Мұны жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек, адам өлімі мен зардап шеккендерге өтемақы төленуі тиіс. Егер олай болмаса, онда қарым-қатынас, әрине, басқа бағытқа өтеді.

Ашық дереккөзден

Әзербайжан депутаты Расим Мұсабековтың айтуынша, Ресейде кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартудың орнына болған оқиға бойынша кейбіреулер «із жасыру үшін медиада белгілі бір әрекеттерді жасап жатыр», деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ

Ресей тарапы Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясының азаматтық ұшағын әуе қорғанысы зымыранымен құлатқаны үшін кешірім сұрауы керек, деді Әзірбайжан парламентінің депутаты Расим Мұсабеков жергілікті Turan басылымына берген сұхбатында.  

– Ұшақ Ресей аумағында Грозныйдың үстіндегі аспанда атып түсірілді. Мұны жоққа шығару мүмкін емес, – делінген Мұсабековтың хабарламасында.  

Депутат Әзербайжан мәжілісінің халықаралық қатынастар және парламентаралық байланыстар жөніндегі комитетінің мүшесі.

Мұсабековтың айтуынша, Ресейде «жағдайға сәйкес әрекет етудің және кешірім сұраудың» орнына «кейбіреулер іздерін жасыру үшін медиада белгілі бір әрекеттерді жасайды». 

– Мұны жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек, адам өлімі мен зардап шеккендерге өтемақы төленуі тиіс. Егер олай болмаса, онда қарым-қатынас, әрине, басқа бағытқа өтеді, – деді парламентші.

Депутат сондай-ақ Әзербайжан тарапының «2020 жылғы 44 күндік соғыс» кезінде ресейлік әскери тікұшақтың апатқа ұшырағаны үшін кешірім сұрап, өтемақы төлеу жағдайын еске салды. Оның айтуынша, сол тұста кінәлілер жазаланған. 

Ulysmedia коллажы

– Бұл өркениетті қатынастар. Егер әуе қорғанысы жұмыс істеп тұрса, онда әуежай жабылуы тиіс, мұнда ешкім ұшпауы керектігі хабарлануы керек, – деп атап өтті Мұсабеков.

EURONEWS: ҰШАҚТЫ РЕСЕЙ ЗЫМЫРАНЫ АТЫП ТҮСІРГЕН

Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером9.13 ℃
Ночью7.37 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с