Тағы бір қазақстандық әуе компаниясы Ресейге кей рейстерді тоқтатты

Рейстерді тоқтату Ресейге ұшудың тұрақты қауіп-қатер бағасын ескере отырып, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды. 

Фото: Air Astana баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта тағы бір қазақстандық әуе компания Ресей бағытындағы рейстерді тоқтатты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Qazaq Air әуе компаниясы 2024 жылдың 28 желтоқсанынан 2025 жылдың 27 қаңтарына дейін Астана – Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін уақытша тоқтататынын мәлімдеді.

«Рейстерді тоқтату Ресейге ұшудың тұрақты қауіп-қатер бағасын ескере отырып, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды. Әуе компания Омск және Новосибирск қалаларына ұшуларын жалғастырады, себебі олар қазіргі уақытта QAZAQ AIR қауіп-қатер бағалауының критерийлеріне сәйкес келеді. Екатеринбургке ұшуларды қайта бастау қауіп-қатер бағалауының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады», – деп хабарлады компания.

Фото: Qazaqair.сom

Қосымша ақпарат ретінде, рейстердің тоқтатылуына байланысты жолаушыларға толық билет құны қайтарылып, басқа ұшуларға тегін қайта брондау ұсынылады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Ресейге ұшуларын тоқтатқан болатын. Сол кезде тасымалдаушы «Ресейге және оның аумағы арқылы коммерциялық рейстерді сақтандырудың тоқтатылуына байланысты барлық ұшулар осы бағыт бойынша тоқтатылды» деп мәлімдеген еді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером9.13 ℃
Ночью7.37 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с