Жаңа жылды қалай қауіпсіз қарсы алуға болады – ТЖМ кеңесі

Жаңа жылдық іс-шараларға дайындық қызу жүріп жатыр. Еліміздің барлық тұрғындары мерекені қарсы алуға дайындалуда.

Ашық дереккөзден

Мереке төтенше оқиғасыз өтуі үшін ТЖМ жаңа жылдық іс-шараларды дайындау және мерекелеу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды еске салады. Ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізілетін үй-жайларда терезелерде торлар болмауы тиіс, эвакуациялық жолдар бос болуы керек.

-Шыршаны берік тірекке орнату керек, ол бөлмеден шығуға кедергі келтірмеуі тиіс. Шыршаны жанғыш ойыншықтармен безендірмеңіздер.

-Үй-жайда отшашуларды, петардаларды және басқа да өрт қауіпті әсерлерді пайдалануға қатаң жол берілмейді.

-Пиротехниканы ғимараттардан, автотұрақтардан 50 метрден жақын, электр беру желілерінің, шатырлар мен ағаштардың астында іске қосуға жол берілмейді.

-Кәмелетке толмағандарға пиротехниканы өз бетінше пайдалануына тыйым салынады.

-Сондай-ақ салюттерді қолдан, балкондар мен лоджиялардан ұшыру қауіпті

Сонымен қатар пиротехникалық бұйымдарды мамандандырылған павильондарда сатып алу қажет екендігіне назар аударамыз. Пиротехниканы, жарықтандыруды, электр гирляндаларын және әшекейлерді тиісті сертификаттың бар екеніне көз жеткізіп сатып алыңыз.

Мереке күндері оқиғасыз өтуі үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар:

-белгісіз өндірістің электр гирляндалары мен пиротехникасын сатып алмаңыздар;

-қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, оны қатаң сақтаңыздар;

-пиротехниканы қатты желде іске қосуға болмайды;

-бір уақытта бірнеше жоғары қуатты құрылғыларды қосу арқылы электр желісін шамадан тыс жүктемеңіздер;

-егер сіз үйден кетсеңіз немесе ұйықтауға жатсаңыз, гирляндтарды тоққа қосулы қалдырмаңыздар;

-балаларға пиротехникалық бұйымдарды өз бетінше іске қосуға рұқсат бермеңіздер;

-балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером9.13 ℃
Ночью7.37 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с