БҚО-да полицейлер көлігі қар құрсауында қалған қарияны іздеп тапты

Зейнеткер дала арқылы өтпекші болып, көлігі қарға тұрып қалған. Байланысқа шығу үшін өзімен телефоны болмаған.

БҚО-да полицейлер көлігі қар құрсауында қалған қарияны іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйтерек ауданынында полиция қызметкерлері Трекино ауылынан Новенький ауылына бағыт алған қарт адамды іздеп тапты. Оның көлігі қарға батып қалған.

Қарияға алаңдаған туыстары полицияға хабарласып, 76 жастағы зейнеткердің уақытында үйіне оралмағанын айтқан. Оны іздестіру жұмыстарына аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы тартылды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қария көлігімен даладан табылды. Зейнеткер дала арқылы өтпекші болып, көлігі қарға тұрып қалған. Байланысқа шығу үшін өзімен телефоны болмаған.

Полиция қызметкерлері көлікті қардан шығаруға көмектесті. Қарт адам полиция қызметкерлерінің көмегімен үйіне аман-есен жетті.

Полиция азаматтарға қысқы кезеңде сақ болуды, байланыс құралдарын өзімен бірге алып жүруді және жақындарына жағдайды хабарлап отыруды ескертеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-23
Утром0.6 ℃
Днем3.33 ℃
Вечером5.05 ℃
Ночью0.1 ℃
Влажность72 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра5.71 м/с
2025-03-24
Утром-2.24 ℃
Днем5.97 ℃
Вечером6.69 ℃
Ночью2.24 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1034
Скорость ветра5.18 м/с