Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтардың бар-жоғы белгілі болды

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатынан 181 адамның 179-ы мерт болды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 2024 жылы 29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағына қатысты жағдайға қатысты түсінік берді.

Фото: ғаламтордан

«Оңтүстік Корея билігі жариялаған алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында Қазақстан азаматтары болмаған», — деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Жексенбі күні таңертең Jeju Air әуекомпаниясының ұшағы Муан халықаралық әуежайына шұғыл қонуға әрекеттенген кезде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған. Апат салдарынан ұшақта өрт шығып, артынан жарылыс болды.

Сурет: yonhap

Өрт сөндіру қызметі өкілінің айтуынша, соқтығыстан кейін жолаушылар ұшақтан ұшып кеткен. Бортта 181 адам болған, оның алтауы – экипаж мүшелері. Жолаушылардың басым бөлігі Оңтүстік Корея азаматтары, екі адам – Таиланд азаматы.

Бір жолаушы мен бір экипаж мүшесі  – апаттан кейін дереу құтқарылып, Мокпо қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Алайда, қалған 179 адамның барлығы қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынш, ұшақ құспен соқтығысқан. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-23
Утром-14.57 ℃
Днем-12.69 ℃
Вечером-16.01 ℃
Ночью-19.63 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.31 м/с
2026-01-24
Утром-23.05 ℃
Днем-18.44 ℃
Вечером-21.05 ℃
Ночью-23.03 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.26 м/с