«Штрафстан», «қымбатшылық», «әділдік»: Қазақстандықтар 2024-тің жыл сөзін таңдады

Айта кетейік, халықтың елімізді “штрафстан” деп атауы жәй емес. Себебі 2025 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда біршама салаларда айыппұл бағасы көтеріледі.

Фото: Stan.kz

Stan.kz ақпарат агенттігі Instagram желісінде сауалнама жүргізіп, жыл сөзін анықтады. Ұсынылған сөздер қатарында»штрафстан», «қымбатшылық», «әділдік», «уақытты ауыстыру» деген тіркестер бар. Дегенмен көпшілік “штрафстан” сөзін жыл сөзі деп таныды. 

Instagram желісінде жүргізген сауалнамаға жазылған пікірде 2024 жылы болған атышулы оқиғалар мен танылған есімдер де бар. Мәселен, “заСалтанат”, “заШерзат” және “су тасқыны” мен “доллар”. Дегенмен желі қолданушыларының басым көпшілігі “штрафстан” сөзін таңдаған. 

“Ең көп жаңалық айыппұлдарға арналды”, “ Ең көп пайдаланылған сөз “айыппұл” немесе “штраф” деген сөз”, “Штрафтан басқа сөз болмады-ау. Жыл аяғында жәрдемақы, зейнетақы өседі деп 1 теңге қосқандарын айта береді сосын”, “Штраф, штрафстан”, “Анау штраф, мынау штраф. Бәрінің бағасын көтереді, қымбат. Бастысы айлық 85 мың теңге күйінде қалады”, “Жаңа Қазақстан –  Штрафстан”, – деп жазды көпшілік. 

Айта кетейік, халықтың елімізді “штрафстан” деп атауы жәй емес. Себебі 2025 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда біршама салаларда айыппұл бағасы көтеріледі. Мәселен, келесі жылы бір бір айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге болады. Бұл 2024 жылғы АЕК құнынан 240 теңгеге артық. Демек сәйкесінше, келер жылы құқық бұзған жағдайда жүргізушілер мен автокөлік иелеріне, мопед пен электр көлігі барларға, жаяу жүргіншілер мен қоғамдық тәртіпті бұзғандарға салынатын айыппұлдардың мөлшері де артады. 

“Штрафстан” сөзін таңдауға депутат Азат Перуашевтың да ықпалы тиген секілді. Себебі  желтоқсан айының басында депутат Мәжілісте елде айыппұлдың көбейгенін айтып, шенеуніктерге шағым білдірген еді. Депутаттың сөзінше, айыппұлдың көбеюі қуанатын емес, керісінше, өкінетін жәйт. 

«Дүкенде бағадағы қателік үшін 700 мың айыппұл төлегеннен гөрі тексерушіге 100 мың теңге төлеп құтылған оңайырақ. Мемлекет жазалап қана қоймай, ынталандырып, тәрбиелеуі керек. Мынау ұялатын тірлік қой, мырзалар. Қайдағы бір «Штрафстанды» жасап жатқан сияқтысыздар. Бірақ біз қалыпты және теңгерімді нарықтық экономиканы құрғымыз келеді», – деді Перуашев.

Депутат мұндай артық айыппұлдар сөзсіз бағаның өсуіне әкеп соғатынын, бұл тұтынушыларға кері әсерін тигізетінін жеткізді. 

«Үйіңіздің жанындағы дүкеннің күнделікті табысы 30-50 мың теңге болса, оған 100 мың теңге айыппұл салынса, ол ақшаны қайдан алады? Әрине, тек тауарының бағасын көтеру арқылы айыппұлын тұтынушыларына төлеткізеді. Әсіресе, мұндай айыппұлдар тұрақты сипатқа ие болғанда, халық қиналады. Бізге тепе-теңдік, жаза мен әрекеттің ауырлығы арасындағы пропорционалдылық қажет, бұл – заңның негізгі қағидаларының бірі», – деді депутат.

“Заң диктатурасы” мен “жалған үміт”

2024 жылдың “жыл сөзін” анықтау үшін басқа да сала мамандарынан пікір сұрап білдік. Саясаттанушы Шалқар Нұрсейіттің сөзінше, “заң диктатурасы” деген тіркес жыл сөзі болуға әбден лайық. Себебі, бұл тіркесті 2024 жылы Тоқаев кем дегенде 3 рет қолданды, дейді.

“Бұл тіркесті 2024 жылы Тоқаев кем дегенде 3 рет қолданды:

20 ақпанда президенттік жастар кадр резерві форумындағы сөзінде; 30 қыркүйекте өткен «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» атты конференцияда сөйлеген сөзінде; 24 қазандағы Республика күніне орай өткен салтанатты шарадағы сөзінде. Бұл тіркес елдегі демократизацияға, азаматтық қоғамға, сөз еркіндігіне, Шерзат Полат ісі секілді кейстерге қатысты саяси режимнің позициясына негіз болды. Келесі жылы да авторитар режим өз саясатын жүргізгенде барлық салада Тоқаевтың осы тезисіне сүйенеді деп ойлаймын”, – деді саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт. 

Ал Steppe&World баспасының директоры Раиса Сайран Қадыр жыл сөзіне “жалған үміт” тіркесін ұсынды. 

«Жалған үміт» дегеніміз орындалуы мүмкін болмаса да нақты нәтижеге немесе жетістікке жетуге сенім білдіру. Әдетте, бұл сөз адамды алдауды немесе шындыққа сай келмейтін нәтижелерді күтуді білдіреді.

Еске салайық, бұған дейін 2024 жылдың қорытындысын жасаған әлемдік сарапшылар бір жылдың ішінде өзекті болған және жиі айтылған “жыл сөзін” анықтаған еді. Оксфорд ағылшын сөздігі жыл сөзі ретінде “brain rot” (ми шірігі) тіркесін таңдаған. Ал Коллинз сөздігі бойынша “brat” (тәуелсіз) сөзі жыл сөзі ретінде танылды. Кембридж сөздігі “manifest” (үндеу) сөзін жыл сөзі ретінде таңдады. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Штрафстан»: 2025 жылдан бастап елімізде айыппұлдар 6,1% өседі

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.22 ℃
Днем9.96 ℃
Вечером10.94 ℃
Ночью6.37 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.16 м/с
2025-03-29
Утром2.83 ℃
Днем10.57 ℃
Вечером11.89 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.34 м/с