Зеленский тұтқынға алынған Солтүстік Корея сарбаздарының қаза тапқанын растады

Президенттің айтуынша, Курск облысында Ресей тарапынан қолданылып жатқан солтүстіккореялық сарбаздардың арасында үлкен шығын бар.

Курск облысында тұтқынға алынған алғашқы солтүстіккореялық сарбаздың суреті

Украина президенті Владимир Зеленский 27 желтоқсан күні кешке жасаған видеоүндеуінде Ресейдің Украинаға қарсы соғысында бірнеше солтүстіккореялық сарбазды тұтқындағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы DW-ге сілтеме жасап.

«Бүгін Солтүстік Кореяның бірнеше сарбазы туралы хабарламалар болды. Біздің әскери қызметкерлеріміз оларды тұтқындады. Бірақ олар ауыр жараланғандықтан, өмірлерін сақтап қалу мүмкін болмады», – деді Зеленский.

Президенттің айтуынша, Курск облысында Ресей тарапынан қолданылып жатқан солтүстіккореялық сарбаздардың арасында үлкен шығын бар.

«Ресейлік әскери қызметкерлер мен солтүстіккореялық бақылаушылар бұл сарбаздардың өмірін сақтап қалуға ниетті емес. Тіпті солтүстіккореялықтардың тұтқынға түспеуі үшін оларды өз адамдары атып өлтірген жағдайлар бар», – деп атап өтті Зеленский.

Бұған дейін, 26 желтоқсанда, украиналық БАҚ пен Telegram арналарда Курск облысында тұтқынға алынған алғашқы солтүстіккореялық сарбаздың суреті жарияланған болатын. Ал 27 желтоқсанда Оңтүстік Кореяның Yonhap ақпарат агенттігі Оңтүстік Корея барлауының солтүстіккореялық сарбаздың украиналық тұтқынға түскенін растағанын хабарлады.

Оңтүстік Корея шенеуніктеріне сілтеме жасаған журналистердің хабарлауынша, қазіргі уақытта Ресейге шамамен 11 000 КХДР әскери қызметкерлер жіберілген.

«Солтүстік Кореядан Ресейге әскерилер мен әскери жабдықтарды одан әрі жіберуге дайындық белгілері байқалып жатыр», – деп мәлімдеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.22 ℃
Днем9.96 ℃
Вечером10.94 ℃
Ночью6.37 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.16 м/с
2025-03-29
Утром2.83 ℃
Днем10.57 ℃
Вечером11.89 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.34 м/с