Оралда мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші 4 жылға сотталады

Биылғы жылы 163 жүргізуші сотталды, олар көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы сот шешіміне қарамастан, масаң күйінде қайтадан көлікті басқарған. 

Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы прокуратурасының бастамасымен сотталғандардың қайталанатын қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында сотта бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған сотталғандардың қатысуымен үлгі ретінде ашық сот отырысы өтті,-деп хабарлайды БҚО прокуратурасының баспасөз орталығы.

Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік жауапкершілікпен қатар мас күйінде көлік жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.        

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабына сәйкес көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол бергені үшін көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Оқиғаларды талдау жүргізушілердің заңсыз әрекеттері қасақана жасалғанын көрсетті.

Алдын алу шаралары мен ескертулерге қарамастан, жүргізушілердің заңсыз әрекеттері толастамай тұр.      

Биылғы жылы 163 жүргізуші сотталды, олар көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы сот шешіміне қарамастан, масаң күйінде қайтадан көлікті басқарған.        

Мысалы, азамат «З» масаң күйінде көлік жүргізгені үшін алынбаған және өтелмеген соттылық кезінде мас күйінде көлікті қайтадан жүргізген.

Айыптау үкіміне мемлекеттік айыптаушының принципиалды ұстанымы және сотталушының кінәсі туралы сотқа ұсынған бұлтартпас дәлелдері ықпал етті.

Сот оны кінәлі деп тауып, басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуді белгіледі.

 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером9.13 ℃
Ночью7.37 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с