Оралдағы ТКШ бөлімінің орынбасарына 62 мың теңге айыппұл салынды

Қала көшелерінен жиналған қарды Шаған өзенінің су қорғау аймағына заңсыз шығарғаны үшін әкімшілік айыппұлды қаланың ТКШ жол секторы бөлімінің басшысы Ерлан Шайхиевке Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы шығарды.

Өйткені, қала мен «Телеорталық» ауданының тұрғындары билікке қарды заңсыз төгіп жатқанын, көктемде ол еріп, Шаған өзеніне түсетінін бірнеше рет айтқан.

Қаланың қоғам белсендісі Андрей СТАРИЧЕНКОВ инспекцияға «Телеорталық»ауданындағы полигонға қар шығару фактісі туралы шағым түсірді.

Инспекцияда оған «осы жылдың ақпан айында «Жайық Таза қала»ЖШС-мен шарт бойынша Шаған өзенінің су қорғау аймағы шегінде қар шығару жүзеге асырылғаны» хабарланды. Осы факт бойынша, Орал қаласы прокуратурасының «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қатысты құқық бұзушылық туралы ұсынысы негізінде, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, 358-баптың 2-тармағы бойынша «Гидротехникалық, технологиялық, орман мелиорациялық, санитарлық және басқа да іс-шараларды жүргізбеу» суды ластанудан, бітелуден және сарқылудан қорғау, сондай-ақ су режимінің жай-күйін жақсарту» ХАТТАМАСЫ жасалып, 31 382 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ орынды ластанудан тазарту туралы хат жіберілді».

Инспекция биылғы жылдың желтоқсан айында қалалық прокуратурамен қала көшелерінен қарды заңсыз шығару фактісі бойынша шағым тіркелгенін толықтырды.

Қорытындысы бойынша инспекцияда 358-баптың 2-тармағы бойынша суды ластанудан, бітелуден және сарқылудан қорғауды, сондай-ақ режимнің жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін гидротехникалық, технологиялық, орман мелиорациялық, санитарлық және басқа да іс-шараларды жүргізбеу» хаттамасы жасалды және 31 382 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

Инспекциядан хабарлағандай, әкімшілік материал лауазымды тұлғаға — ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Еран Шайхиевке жалпы сомасы 62 764 теңге сомасында жасалды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта инспекцияның сұрауы бойынша қалалық әкімдіктен «Телеорталық»ауданындағы полигонға қар шығару жұмыстарын тоқтата тұру туралы жауап келіп түсті.

Мария ДРАЧЕВА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Орал тұрғындары лас қарды су қорғау аймағына шығаруға қарсы шықты

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-15
Утром-4.53 ℃
Днем-1.67 ℃
Вечером1.12 ℃
Ночью1 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.89 м/с
2026-02-16
Утром0.85 ℃
Днем0.72 ℃
Вечером0.38 ℃
Ночью1.48 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра9.58 м/с