БҚО-да стратегиялық маңызы бар объектінің құрылысы аяқталды
Орал ЖЭО республикада жабдықтардың тозуы бойынша үшінші орында тұр, оның көрсеткіші 80,5%-ды құрайды.

БҚО бойынша Cыбайлас жемқорлық қызметі ұзаққа созылған әлеуметтік нысандарды сүйемелдеу бойынша жұмысты жалғастыруда.
Жұмыстардың орындалу барысын тексере отырып, сол жерге бару жүйелі түрде жүзеге асырылады, құрылысты жеделдету процесін және құрылыс-монтаждау жұмыстарының кестесін орындауды талқылау бойынша тапсырыс берушілермен жұмыс кездесулері өткізіледі.
Ағымдағы жылы облыс әкімдігімен бірлескен күш-жігердің арқасында 3 ұзақ құрылыс нысаны тапсырылды.

Мұндай нысандардың қатарына «Орал жылу электр станциясындағы турбоагрегатты ауыстыру» кіреді. Орал ЖЭО республикада жабдықтардың тозуы бойынша үшінші орында тұр, оның көрсеткіші 80,5%-ды құрайды. Осыған байланысты ЖЭО жаңғырту және қалпына келтіру өңірдің энергиямен қамтамасыз етілуін жақсарту және энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін стратегиялық маңызға ие.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін стратегиялық маңызды объектінің құрылысын аяқтау қоғам мен ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін маңызды қадам болып табылады.