Балаларға қауіпті! Қытайда жаңа метапневмовирус тарады: Қазақстанда да тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігі халықты профилактика шараларын сақтауға және адамдар көп жиналатын жерлерде байланыстарды шектеуге шақырады. 

Фото: indubnacity.ru

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Қытайда өршіген метапневмовирустың таралуына қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢА ВИРУС

23-29 желтоқсан аралығында Қытайдың ауруханаларынан алынған тыныс алу сынамаларын талдау нәтижелері тұмау вирусы, адам метапневмовирусы және риновирус бойынша оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу басқармасы хабарлады.

Зерттеу жедел респираторлық инфекциялар қазір ел ішінде көп тарап жатқанын көрсеткен. Атап айтқанда, 14 жастан кіші балалар арасында метапневмовирустың жиілігі артып келеді, бұл солтүстік провинцияларда көп кездеседі.

Independent бұған дейін Қытайда респираторлық вирустар жиілеп, ауруханалардың толып кетуіне әкеліп соқтырады деп жазған болатын. Осы қыста Қытайдың солтүстік провинцияларында адам метапневмовирусы (HMPV) деп аталатын вирустың, әсіресе балалар арасында қатты тараған жағдайлары күрт өскен.

Метапневмовирус жалпы суық тиген кездегі ауруға, тұмауға ұқсас белгілерді туғызады. Ауру әдетте жеңіл болғанымен, пневмония сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін, әсіресе нәрестелерде, қарттарда және иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда жиі кездеседі.

ҚАЗАҚСТАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕАКЦИЯСЫ

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі адам метапневмовирусы көп елде ондаған жылдар бойы таралған классикалық вирустың бірі екенін хабарлайды. Бұл вирустың штамдары Қазақстанда ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі кезеңінде кеңістікте белсенді айналымда болатын инфекциялардың басқа түрлерімен қатар анықталған.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, эпидемиялық маусымның басында республика бойынша тұмауға жатпайтын вирустарға 8 360 үлгі зерттелген. Оның ішінде оң 1866 (22%), оның ішінде паратұмау – 178 (9,5%), РС вирусы – 433 (23,2%), метапневмовирус – 30 (1,6%), риновирус – 680 (36,4%), бокавирус – 113 (6,1%), аденовирус – 226 (12,1%), коронавирус – 206 (11,1%).

– Метапневмовирус негізінен ауа тамшылары арқылы және аз жағдайда тұрмыстық байланыс арқылы беріледі. Инфекцияның негізгі белгілері – жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы. Нақты емдеу жоқ, симптоматикалық емдеу қолданылады. Қазір Қазақстанда, бүкіл әлем сияқты, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркелуде. Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап, ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап республикада ЖРВИ-дің 2 002 335 жағдайы және зертханалық расталған тұмаудың 941 жағдайы, оның ішінде А(H1N1) типті тұмаудың 910 жағдайы, А(H3N2)-1 жағдайы, В тұмауының 30 тіркелді, – делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты профилактика шараларын сақтауға және адамдар көп жиналатын жерлерде байланыстарды шектеуге шақырады. Әсіресе, созылмалы аурулары бар ең осал пациенттерге сақ болу керектігін ескертеді.

Тұмау мен ЖРВИ-дың профилактика шаралары:

  • адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу;
  • үй-жайларды үнемі желдету;
  • қолды тазарту үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды қолдану;
  • ауру адамдармен байланысын шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету;
  • тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыру және ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге) жібермеу.
  • ауру белгілері пайда болған кезде дер кезінде медициналық көмекке жүгіну.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.22 ℃
Днем9.96 ℃
Вечером10.94 ℃
Ночью6.37 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.16 м/с
2025-03-29
Утром2.83 ℃
Днем10.57 ℃
Вечером11.89 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.34 м/с