Оралда колледж студентінің мәйіті табылды
Қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 қаңтар күні болған.
Алдын ала мәліметке қарағанда, студент өзіне-өзі қол жұмсаған.
Қазіргі кезде оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.