Елімізде сұйытылған мұнай газының бағасы өзгеріссіз қалды
Құжат биылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасы сақталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Энергетика министрі 2024 жылғы 25 желтоқсандағы бұйрықпен тауар биржаларынан тыс ҚР ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекітті.
«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге қосылған құн салығын есептемегенде тоннасы үшін 45 158 теңге мөлшерінде шекті бағасы бекітілсін», – делінген бұйрықта.
Еске салсақ, бұған дейін сұйытылған газдың бағасы 2024 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейінгі аралыққа бекітілген болатын. Бұл уақытта газдың құны 40 320 теңгені құрады.