«Қаңтар» істері мен азаматтық қоғам: Халықаралық құқықтық бастама мәлімдеме жасады

Азаматтық қоғам кеңістігі күннен күнге тарылуда. Әртүрлі жолдармен тәуелсіз ұйымдар мен бастамашы топтар, белсенділер БАҚ құралдары, блогерлер, үкіметтік емес ұйымдар жұмысы шектелуде.

Халықаралық құқықтық бастама өткен 2024 жылғы жұмысының нәтижелерін және елдегі адам құқықтары жағдайын бүгінгі пресс-конференцияда талқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

БАСТАМА НЕ ДЕЙДІ

Халықаралық құқықтық бастама өкілдері Қаңтар оқиғасының істері бойынша, оның ішінде қару қолдану, кісі өлтіру, азаптау бойынша ресми түрде жүргізілген тергеу мен соттар нәтижесіне сенімсіздік білдіреді.

Нақты айтқанда, Қаңтар бойынша біз 50 қылмыстық істе жәбірленушілерді қорғап келе жатырмыз, оның ішінде 85 сот процесіне қатысып, 1799 бет шағымдар мен талаптар, өтініштер жаздық, 17 миллион теңге өтемақы өтеп беруге көмектестік, бұл істер Алматы, Талдықорған, Ақтөбе, Қызылорда, Тараз, Шымкент қалаларында жүргізілген.

Азаматтық қоғам кеңістігі күннен күнге тарылуда. Әртүрлі жолдармен тәуелсіз ұйымдар мен бастамашы топтар, белсенділер БАҚ құралдары, блогерлер, үкіметтік емес ұйымдар жұмысы шектелуде. Оның ішінде шетелден қаржыландыру алатындардың тізімін жариялау. Бұл Ресейден келген практика азаматтық қоғамды шектеу. Халықаралық құқықтық бастама осы тізімді жариялауын кемсіту деп санап, сотқа жүгінген, алайда сот бізді қолдаған жоқ, – дейді бастама өкілдері.

Халықаралық құқықтық бастама сонымен бірге әділ сот құқығы бойынша әкімшілік юстиция іс жүзінде өзін ақтамағанына сенімді.

Конституциялық сот шын мәнінде конституциялық құқықтарды қорғай алмайды, ол соттың судьялары мен аппарат қызметкерлері істерді қарауға тең құқылы. Бұл әділсот стандарттарына мүлдем сәйкес келмейді. 

Денсаулық сақтау құқығы жаппай бұзылуда деп санаймыз. Қазақстанда бірыңғай уақыт енгізуі көптеген адамдардың денсаулық құқықтарын бұзды, – деп атап өтеді бастама өкілдері.

Халықаралық құқықтық бастама Шыңжаңда адам құқықтары бұзылғандарды соңғы жеті жылдан бері қорғап келеді. Осы уақытта сонда азапталған 150 адамға медициналық және психологиялық көмек ұйымдастырған, көп отбасыға құқықтық көмек көрсеткен. 

Тәуелсіз кәсіподақтар лидерлері әлі де қудалануда. Өткен жылда біз оларды қорғау бойынша құқықтық көмек көрсеттік. Осы жылы біздің ұйым аталған мәселелер бойынша халықаралық адвокация жүргізеді, яғни Біріккен Ұлттар Ұйымының келісімдер бойынша органдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Біз елде қолдау таппаған мәселелер, істерге халықаралық ұйымдар назарын аудартып, азаматтық қоғам ұсыныстарын қолдауға шақырамыз, – дейді олар.

ҚАНДЫ ҚАҢТАР

Биыл қанды Қаңтар оқиғасына тура үш жыл толып отыр. Үш жыл бұрын жаңа жыл мерекесінен кейін Жаңаөзенде жүздеген адам сұйытылған газ бағасының 60 теңгеден 120 теңгеге қымбаттауына қарсы наразылыққа шыққан еді. Олар әкімдік маңындағы жолды жапқан. Кейін наразылық Маңғыстау облысының өзге өңірлерінде де жалғасты. Жаңаөзендегі наразылыққа қолдауға елдің көп аймағы қосыла бастады. Полиция алаңдарды қоршап, белсенділерді ұстауды күшейтті. Билік Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасы 50 теңге болады деген, бірақ наразылық шараларында елдегі қымбатшылық мәселесі айтылып, жұрт биліктің оставкасын талап етті. Алматы, Ақтөбе, Шымкентте де наразылық күшейген. 5 қаңтарға қараған түні Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында төтенше жағдай жарияланды. Бұдан кейін наразылық үдеп, қан төгілді. Қанды оқиғадан кемі 238 адам опат болды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-23
Утром0.6 ℃
Днем3.99 ℃
Вечером5.05 ℃
Ночью0.1 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра5.71 м/с
2025-03-24
Утром-2.24 ℃
Днем5.97 ℃
Вечером6.69 ℃
Ночью2.24 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1034
Скорость ветра5.18 м/с