Қазақстанда шенеуніктер төтенше жағдайлар туралы қысқа мерзімде журналистерге ақпарат беруге міндеттелді

Белгілі бір аумақта халықтың өмір сүру жағдайлары бұзылған жағдайда, оқиға болған кезден бастап үш сағаттан кешіктірмей, журналистерге ағымдағы жағдай туралы ресми хабар беруге міндеттейді.

Фото: time.kz

Қазақстанда шенеуніктер төтенше жағдай туралы үш сағатың ішінде журналистерге ақпарат беруге міндеттелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі бір аумақтағы төтеншетжағдайлар туралы бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлама беру ережелерін әзірледі. Жаңа ереже 2025 жылғы 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Белгілі бір аумақта халықтың өмір сүру жағдайлары бұзылған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлама беру ережелері лауазымды тұлғалардың қиын жағдайларда жұмысын реттейді.

Аталмыш бұйрық тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдарын және жергілікті атқарушы органдарды белгілі бір аумақта халықтың өмір сүру жағдайлары бұзылған жағдайда, оқиға болған кезден бастап үш сағаттан кешіктірмей, журналистерге ағымдағы жағдай туралы ресми хабар беруге міндеттейді.

Ережеге сәйкес, ресми хабарламаның мәтіні орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысымен келісілуі және ақпаратта халықтың тұрмыс жағдайын бұзу фактілері және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы барынша толық мәлімет қамтылуы тиіс.

Ресми ақпараттар бірнеше жол:

— орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның веб-ресурсында ресми хабарламаны жариялау;

— журналистерге ресми хабарлама жіберу;

— байланыс қызметтері мен мемлекеттік органдардың учаскелерінде брифингтер өткізу арқылы көпшілікке қолжетімді болуы қажет.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-08
Утром14.68 ℃
Днем21.87 ℃
Вечером19.68 ℃
Ночью17.93 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра6.88 м/с
2026-06-09
Утром15.62 ℃
Днем23.31 ℃
Вечером22.86 ℃
Ночью18 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.96 м/с