БҚО жоғары медициналық колледжі сауда саттықтан шығарылды
Сенімгерлік басқару шартының мерзімі аяқталуына байланысты колледж 2024 жылы мемлекетке қайтарылды.

Әлеуметтік желілерде облыстың екі коммуналдық меншік нысанын сату туралы ақпарат пайда болды: «Батыс Қазақстан медициналық колледжі» ЖШС және «Ақжайық» шипажайы» ЖШС. БҚО мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасында құны 475 459 222 теңгеге бағаланатын санаторийдегі мемлекеттік үлестің 29,59% -ын сату жоспарланғанын түсіндірді. Сатылған жағдайда ақша облыстық бюджетке түседі. Алайда, кейінірек, медициналық колледж жекешелендіру комиссиясының шешімі бойынша сауда-саттықтан шығарылды.
Неліктен бұл нысандар сату үшін таңдалды деген сұраққа басқарма Үкіметтің қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына енгізілгенін айтты.
Медицина колледжі 2021-2024 жылдары С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің сенімгерлік басқаруында болды. Ал шипажай-2018 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының басқармасында.
– Санаторийді сату немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді жекешелендіру жөніндегі комиссия қабылдайды. Сенімгерлік басқаруға беру кезінде мемлекет объектіге меншік құқығын сақтайды. Алайда мемлекеттің өкілеттіктері сенімгерлік басқарушыға толық берілмейді, тек объектімен шаруашылық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құқықтық міндеттемелер шегінде ғана беріледі. Мемлекеттік мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жекешелендірудің алдын ала сатысы деп танылады. Сенімгерлік басқарушының объектіні сатуына сенімгерлік басқару шартының талаптары тиісінше орындалған жағдайда ғана жол беріледі, – деп хабарлады БҚО мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы.
Сондай-ақ, ведомство қазіргі уақытта бұл нысандарды сатып алушылар табылмағанын хабарлады. Алайда, сату кезінде қызмет профилін және қызметкерлер құрамын сақтау шарттары ескеріледі. Егер сатып алушы өз міндеттемелерін орындамаса, мәселелер сот тәртібімен шешілетін болады. Мемлекеттік сатып алу басқармасы заңнама мемлекеттік мекемелерді сату мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар немесе консультациялар өткізуді талап етпейтінін түсіндірді. Қазір 2026-2030 жылдарға арналған жекешелендірудің жаңа жоспары дайындалуда. Нысандар тізімін ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жасайды. Айтпақшы, коммуналдық объектілер сатылғаннан кейін мемлекет меншігіне қайтарылған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың наурыз айында Жоғары медициналық колледждің директоры жаңа басшылық колледждің білім беру саласын дамытуға қаражат салуды жоспарлап отырғанын айтты. Атап айтқанда, офтальмология және хирургия сияқты бағыттарға назар аударылады. Айта кетейік, 2024 жылы колледж сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекетке қайтарылды.