Қазақ еліне +1 айыппұл: Енді елімізде көлікті бес минуттан артық қыздырғандарға 39 мың теңге айыппұл салынады

Айыппұл салу үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі, құқықбұзушылық жасалған уақыт пен күні көрсетілген 5 минуттан астам бейнежазба қажет.

Getty Images / Irina Vodneva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қыстың аязды күндерінде көлікті алдын ала жылыту – қазақстандықтар үшін әдеттегі жағдай. Алайда экологиялық стандарттар бұл әрекеттің қаншалықты дұрыс екенін қайта қарауды талап етеді.

Ұзақ уақыт көлікті жылыту жанармай шығынын арттырып қана қоймай, атмосфераға зиянды заттардың, соның ішінде көміртек тотығының бөлінуіне себеп болады.

Осыған байланысты, Қазақстанда тұрғын үйлердің жанында жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен көлікті 5 минуттан артық тоқтатып қоюға тыйым салынған. Ведомствода атап өткендей, ҚР Жол қозғалысы ережесінің (ЖҚЕ) 5 бөлімінің 88 тармақшасына сәйкес «елді мекендерде қозғалтқышы жұмыс істейтін механикалық көлік құралдарының тұрағына, егер бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызса, тыйым салынады» деп көрсетілген.

Ережені бұзғаны үшін:

– Алғашқы ретте – 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 19 660 теңге көлемінде айыппұл салынады;

– Қайталанған жағдайда – 10 АЕК немесе 39 320 теңге айыппұл төлеу керек.

Айыппұл салу үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі, құқықбұзушылық жасалған уақыт пен күні көрсетілген 5 минуттан астам бейнежазба қажет.

Жол қозғалысы ережелерінің 2-бөлімінің 9-тармағына сәйкес, көлік жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тағуға, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыларды тасымалдамауға міндетті. Бұл талапты орындамаған жағдайда 5 АЕК көлемінде айыппұл (19 660 теңге) қарастырылған.

Көлікті жылыту немесе қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты ұсақ құқықбұзушылықтар елеусіз болып көрінгенімен, айтарлықтай қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-18
Утром3.34 ℃
Днем4.38 ℃
Вечером3.91 ℃
Ночью3.42 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра4.8 м/с
2025-03-19
Утром2.04 ℃
Днем4.48 ℃
Вечером4.08 ℃
Ночью1.58 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра6.51 м/с