Қазақстанда 2025 жылы декреттегі аналар жұмысқа шықса төлем қалай жасалады

«Егер ата-ана (анасы немесе әкесі) үйде бала күтімі бойынша отырса және бұрынғыдай табысы болмаса онда ата-анасына жалақысының 40 пайызы өтеледі.

Фото: halyq-uni.kz

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова декреттегі аналар жұмысқа шықса төлем жасау тәртібі қалай болатынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналисттер Дүйсеновадан дектерттегі аналар жұмысқа шықса, неліктен сәбиге берілетін төлемнің тоқтайтынын сұрады.  Министр төлем рәсімі қолданыстағы заңнамамен реттелетінін  жеткізді.

«Егер ата-ана (анасы немесе әкесі) үйде бала күтімі бойынша отырса және бұрынғыдай табысы болмаса онда ата-анасына жалақысының 40 пайызы өтеледі. Егер ата-ана жұмысқа шығып, жалақы ала бастаса, бұл жағдайда заңнамаға сәйкес кірісті жоғалтуға байланысты беріліп келген төлемдер тоқтатылады. Дегенмен бізде балаларға арналған басқа да жәрдемақылары бар. Егер бұл көпбалалы отбасы болса, онда төлемдер тоқтатылмайды», – деп түсіндірді Дүйсенова.

Сондай-ақ, премьер-министрдің орынбасары жұмыс істейтін ата-аналарға мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары бар екенін жеткізді. 

«Біріншіден, егер ата-аналар аз қамтылған отбасы болса, оларға мемлекет қажет нәрсенің бәрін төлейді. Біз сондай-ақ жұмыс істейтін ата-аналарды басқа көздерден: жергілікті бюджеттен, тіпті республикалық бюджеттен, олар кірістерін жоғалтпаса да, қосымша алатын жәрдемақылардың басқа түрлері бойынша қолдаймыз. Бұл жәрдемақы тоқтатылса, мемлекеттік қолдау да тоқтатылды деген емес. Бұл басқа бағдарламалар бойынша жүріп жатыр», – деді Тамара Дүйсенова.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.22 ℃
Днем9.96 ℃
Вечером10.94 ℃
Ночью6.37 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.16 м/с
2025-03-29
Утром2.83 ℃
Днем10.57 ℃
Вечером11.89 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.34 м/с