«Парктер дирекциясы» басшысының орынбасары қамауға алынды

Орал қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты “Мәдениет және демалыс саябақтары мен скверлері дирекциясы” МКК басшысының орынбасарына қатысты әкімшілік істі қарады.

Фото: dailyadvent.com

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 2024 жылдың 6 желтоқсанында сағат 02:15 шамасында азамат Д. көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, Орал қаласы, Молодежная көшесі № 3 үйдің ауласында Toyota автокөлігін жүргізген.

Ол полиция қызметкерінің алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйін куәландыру туралы заңды талабын орындаудан бас тартқан.

Сот отырысында Д. өз кінәсін мойындап, мұндай жағдайдың алғаш рет орын алғанын мәлімдеді. Ол көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ екенін түсініп, медициналық куәландырудан қорыққандықтан, полиция талабын орындамағанын айтты.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабы 9-бөлігіне сәйкес, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамның полиция қызметкерінің алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйін куәландыру туралы заңды талабын орындамауы жиырма бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Сот азамат Д.-ның құқық бұзушылық сипатын, жеке басын, оның құқық бұзушылыққа дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, сондай-ақ іс мән-жайларын ескере отырып, аталмыш кодекстің 613-бабы 9-бөлігі бойынша 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

— Сот атап өткендей, масаң күйде көлік басқару немесе медициналық куәландырудан бас тарту жол қозғалысының қауіпсіздігіне кесел келтіріп, азаматтардың өміріне елеулі қауіп төндіреді. Әсіресе, көлік жүргізу құқығы жоқ адамдардың осындай әрекетке баруы ерекше алаңдатады. Мұндай құқық бұзушылықтар жазасыз қалмауы тиіс. Бұл шешім қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Қаулы заңды күшіне енді, — деп хабарлады ведомстводан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром19.09 ℃
Днем28.56 ℃
Вечером30.65 ℃
Ночью23.15 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.77 м/с
2025-07-18
Утром19.22 ℃
Днем29.16 ℃
Вечером28.27 ℃
Ночью22.02 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.68 м/с