Тамара Дүйсенова шоттардың бұғатталуы жайлы сұраққа жауап берді
Үкімет отырысында журналистер азаматтардың наразылығын айтып, айыппұл мен салықтардың жоғарылығынан әлеуметтік шиеленіс пайда болу қаупі бар екенін көтерді.

Үкімет отырысында вице-министр Тамара Дүйсенова Қазақстандағы айыппұлдардың жалақы деңгейіне сәйкес келмейтіні туралы жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Үкімет отырысында журналистер азаматтардың наразылығын айтып, айыппұл мен салықтардың жоғарылығынан әлеуметтік шиеленіс пайда болу қаупі бар екенін көтерді.
«Егер айыппұл төлегіңіз келмесе, онда заң бұзбаңыз. Заң бұзбасаңыз сізге ешкім айыппұл салмайды. Заңға бағынатын азаматтар бұндай мәселеге жолықпайды да», – деді Дүйсенова.
Оның сөзінше, айыппұл тек қана азаматтарды жазалау құралы ғана емес, сондай-ақ оларды заң сақтауға, тәртіпке бағынуға ынталандыру.
«Олар әділетті де, мен әділетсізбін бе? Бастысы заң бұзушылығын болдырмау. Сол кезде айыппұл мөлшері маңызды болмайды», – деді вице-министр.
Дүйсенова салықты уақтылы төлеу азаматтың міндеті ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік көмек екенін де айтты.
Егер азамат салық төлемесе, ол әлеуметтік қолдаудан айырылуы мүмкін. Салық кодексіне сәйкес, әрбір жұмыс істейтін адам уақтылы төлем жасауы тиіс, – деп түсіндірді Дүйсенова.
Сонымен қатар ол Қазақстандағы салық міндеттемелері ауыр жүктеме туғызбау үшін азаматтардың кірістерін ескере отырып есептелгенін айтты.