Жолаушылар Маңғышлақ-Орал пойызы вагондарының жайсыз күйіне наразы
Ең өзекті мәселелердің бірі – вагондар паркін жаңарту қажеттілігі. Халық қолданатын вагондардың сапасы өте нашар. Бір ғана сала бір кездері ел экономикасының тіктеп кетуіне үлкен септігін тигізсе, уақыт өте келе қалыптасқан проблемалары бүгінгі заманның сұранысын толықтай қанағаттандыра алмай отыр.

Жолаушылар өріп жүрген тарақандарға және дәретхананың жағдайына шағымданды. Шағымды пойыз жолаушысы mamochki_aktau_ryadom_new бетінде жариялады.
«Маңғышлақ-Орал бағытының вагондары өте нашар күйде және кері қайтқанда да сол жағдай. Балалар бөлек ұйықтаудан қорықты. Тарақандар өріп жүр, телефонды қуаттау орны жоқ, дәретхана қорқынышты күйде. Халықтың наразылығын тыңдайтын жолсеріктерді аяймын. Жоғарыдағы үшінші қабатқа адамдар үмітсіздіктен, антисанитариядан шығады. Жалпы, сұмдыққа толы», – деді жолаушы.
2023 жылдың желтоқсанында Орал қаласынан Маңғыстауға тікелей пойыз қатынай бастады. Ол 8 вагоннан тұрады. 2023 жылғы сұхбатында Маңғыстау «Жолаушылар тасымалы» учаскесінің бастығы Қалиолла Сахиев вагондардың жаңа екенін, олар Қытайда өндірілгенін айтты.

Бұған дейін Маңғыстаудан Батыс Қазақстан облысына барған жолаушылар алдымен Ақтөбеге жетіп, кейін «Ақтөбе-Орал»пойызына мінген.