Қазақстандықтар төлеп қойған салықтарының бір бөлігін қайтара алады

Шегерімді алу үшін 1 қаңтарда отбасының төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары болуы керек, бұл туу туралы куәліктердің көшірмелерімен расталады.

Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға қатысты және оқу шығындары мен ипотекалық несиелер бойынша жаңа салық нормалары қолданыла бастады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматының мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Енді көпбалалы отбасылар күнтізбелік жылда айқындалған 282 АЕК-тен аспайтын мөлшерде ата-анасының екеуіне де қолданылатын салық шегерімін келесі тәртіп бойынша ала алады:

  • Ата-ананың бірі үшін әр айға 23 АЕК (90 436 теңге) ;
  • Әр ата-ана үшін ай сайын 12 АЕК (47 184 теңге).

Шегерімді алу үшін 1 қаңтарда отбасының төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары болуы керек, бұл туу туралы куәліктердің көшірмелерімен расталады. Бұл салық төлеу кезінде айына 90 мың теңгеге жуық үнемдеуге және табыс салығын ай сайын 9 мың теңгеге төмендетуге мүмкіндік береді.

Оқу ақысы

Салық шегерімі келесі оқу шығындарына қолданылады:

  • мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;
  • техникалық және кәсіптік білім беру;
  • орта білімнен кейінгі және жоғары білім.

Оны студенттердің өздері немесе олардың заңды өкілдері асырауындағы 21 жасқа толмаған балалардың оқуына ақы төлеу үшін қолдана алады. Шегерімнің ең жоғары мөлшері – күнтізбелік жылға 118 АЕК дейін. Ресімдеу үшін білім беру қызметтерін көрсету шартын және төлемді растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Ипотека бойынша сыйақылар

Былтыр жыл соңына дейін сыйақылар бойынша шегерімдер Отбасы банкінде ресімделген ипотекалық тұрғын үй қарыздары үшін ғана берілді. 2025 жылдан бастап мұндай мүмкіндік кез келген банк берген қарыздар үшін қолжетімді.

Салық шегерімін алу үшін бухгалтерияға немесе кадр қызметіне өтініш беріп, келесі растайтын құжаттарды ұсыну қажет:

  • ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты;
  • ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі;
  • төлем фактісін растайтын құжат.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером9.13 ℃
Ночью7.37 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с