Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Ведомство бұл жаңалық емес екенін, норма ҚР ЖҚЕ-де 20 жылдан астам уақыт бойы бар екенін атап өтті.

Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде көлікті 5 минуттан астам уақыт қыздырған қазақстандық айыппұл арқалайды деген ақпарат қызу талқылануда.

Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша,  бұл норма  – Қазақстанның жол қозғалысы ережелерінде 20 жылдан бері бар. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №534 бұйрығымен бекітілген Жол қозғалысы ережесіне сәйкес, (бұдан әрі – Жол жүрісі қағидалары) тұрақ дегеніміз – жолаушыларды отырғызу, түсіру немесе көлік құралына жүк тиеу, түсірумен байланысты емес себеппен көлік құралының қозғалысын бес минуттан астам уақытқа әдейі тоқтату. Жол қозғалысы ережесінің 88-бабы 5-тармағына сәйкес, егер бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызса, елді мекендерде қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған автокөлік құралдарын қоюға тыйым салынады. Жол қозғалысы ережесінің 17-тарауының 122-бабы 4-тармағында да осындай талап бар. 

«Бұл – жаңа норма емес, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінде 20 жылдан бері бар ереже. Сондықтан қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған көлік құралы бес минуттан астам бір орында қозғалмай тұрса және бұл тұрғындарға қолайсыздық тудырса, бұл Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 597-бабы  1-бөлігінде көзделген құқықбұзушылық деп танылады. Сонымен қатар ішкі істер органдары бұл құқықбұзушылық үшін азаматтарға жаппай айыппұл салуды мақсат етпейді», – дейді Ақтоты Боранова. 

ІІМ өкілі осы бап бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс азаматтардан арыз-шағымы келіп түскен және құқықбұзушылық белгілері болған кезде ғана қозғалатынын ескертті. Ол бұл туралы Nur.kz сайты хабарлады. 

Әкімшілік және жол қозғалысы ережелерін бұзғандығы үшін салынатын айыппұл санатқа қарай бөлінеді. Мәселен, жеке тұлға үшін 10 АЕК мөлшерінде салық салынады. Қазақстандағы 1 АЕК  мөлшері 3 932 теңге, ал 10 АЕК – 39 320 теңге.

ОҚИ ОТЫРЫЫҢЫЗ: Қазақ еліне +1 айыппұл: Енді елімізде көлікті бес минуттан артық қыздырғандарға 39 мың теңге айыппұл салынады

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-18
Утром3.34 ℃
Днем4.38 ℃
Вечером3.91 ℃
Ночью3.42 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра4.8 м/с
2025-03-19
Утром2.04 ℃
Днем4.48 ℃
Вечером4.08 ℃
Ночью1.58 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра6.51 м/с