Мобильді аударымдар садақаға, қайырымдылыққа, емге жиналатын қаржыға қалай әсер ететіні айтылды

Кәсіпкерлік кодекс бойынша, 12 еселенген ең төменгі жалақыдан аспайтын пайда табатындар дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.

Ашық дереккөзден

Жеке тұлғалар кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы садақаға, қайырымдылыққа, емге жиналатын қаржыға қалай әсер ететінін айтты. Оның айтуынша, мұндай қаржы кәсіпкерлік мақсатта жиналмағандықтан салық салынбайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жеке тұлғалар кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлының сөзінше, мұндай қаржы кәсіпкерлік мақсатта жиналып жатқан ақша емес, сол себепті оларға салық салынбайды.

«Мысалы, әлдекім емге ақша жинаса, тиісінше соны дәлелдейтін құжаттар болады. Ол адамға (салық органдарынан) хабарлама түссе, сол дәлелдер бойынша түсінік береді», – деді сарапшы.

Жеке тұлғалар кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы елдегі кәсіпкерлер салық төлеуден жалтару мақсатында мобильді аударымдарды көп пайдаланып кеткенін айтады. Соларды анықтап, кірістерінен салық төлеуді міндеттеу үшін енгізілді дейді. Сарапшы тағы дара кәсіпкер ретінде тіркелмегендерді тіркету мақсатында мобильді аударымдарды бақылау жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Оның сөзінше, қандай да бір кісінің есепшотына ай сайын 100 немесе одан да көп адамнан үш ай қатарынан мобильді аударым түссе, сонда ғана назарға ілінеді. Сарапшы қаржы министрлігінен бұған байланысты 255 мың теңге шамасында шек қоюға ұсыныс берілді деді. Ерсайын Көптілеуұлы үш ай қатарынан 100 түрлі адамнан түскен аударымның жалпы сомасы 255 мың теңгеден асса, бұл назарға ілінеді.

«Мұның негізгі мақсаты – өте төмен сомалар (мысалы, 100 теңгеден) қабылдайтын адамдарды бақылаудан алу. Кәсіпкерлік кодекс бойынша, 12 еселенген ең төменгі жалақыдан аспайтын пайда табатындар дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы. Осы норманы аттап кетпеу мақсатында қаржы министрлігі осындай ұсыныс берген. Қазір 255 мың теңге деген норма күшінде емес, оны ұлттық банкпен талқылап жатыр», – деді сарапшы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером9.13 ℃
Ночью7.37 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с