Орал әкімдігінен материалдық шығын өндіріп алды
Оралда азамат жолдың тиісті күтімі жоқтығына байланысты жол көлік оқиғасынан материалдық шығын өндіріп алды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Орал қаласының №2 сотында, азамат А-ның «Орал қаласының тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не қатысты жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Талап қою бойынша талап қоюшы 2024 жылы наурыз айында Дәулеткерей мен Лермонтов көшелерінің қиылысындағы, жолды күтіп ұстамау нәтижесінен пайда болған терең шұңқырға, қардың еріген суы және жаңбыр суынан көрінбегендіктен жол – көлік оқиғасына ұшырап, автокөлікке материалдық залал келтірілген.
Аталған факт бойынша жауапкердің кінәсі Әкімшілшік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен айқындалып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Талап қоюшы аталғандардың негізінде, жуапкердің кінәсі айқындалғандығын алға тартып, соттан жол көлік – оқиғасынан келтірілген залалды жөңдеуге кеткен 605 080 тенге шығынды және залалды бағалауға кеткен 60 000 тенге сомасын өндіруді сұрайды.
Сот іс материалдарын зерттеп, жауапкердің кінәсі әкімшілік соттың қаулысымен толықтай анықталғандықтан, талап қоюды толығымен қанағаттандырып, талап қоюшының пайдасына ММ-ден 605 080 теңге материалдық залал сомасын, және 60 000 теңге бағалау сомасын өндірді.
Шешім заңды күшіне енді.