Қазақстанда медицина қызметкерлерінің біліктілік алу шарттары жеңілдеді

Енді біліктілік деңгейі тек жұмыс өтілін ресми танып қана қоймай, нақты кәсіби жетістіктерді, практикалық дағдылар мен білімді бағалауға бағытталған. 

фото: egemen.kz

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне біліктілік беру жүйесіне бірқатар жеңілдікті шарттар енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығына (ҰТЕО) барғанда белгілі болды. Министр емтихан мен медицина қызметкерлерінің біліктілігін берудің жаңа жүйесімен егжей-тегжейлі танысты.  

Яғни бұрынғы санат беру механизмі түбегейлі ерекшеленбек. Енді біліктілік деңгейі тек жұмыс өтілін ресми танып қана қоймай, нақты кәсіби жетістіктерді, практикалық дағдылар мен білімді бағалауға бағытталған. 

“Бұл механизм сапалы медициналық көмек көрсету және дәрігерлерге, мейіргерлерге, денсаулық сақтау менеджерлеріне сенім арту үшін негізгі жағдайларды қалыптастыратын үздіксіз кәсіби өсу мен дағдыларды жетілдіруге ынталандырады”, делінген министрліктің ақпаратында.

Бүгінгі таңда республика бойынша 5000-нан астам маман бағалау рәсімінен сәтті өтіп, біліктілік деңгейлері бар сертификаттар алды және өздерінің кәсіби құзыреттерін растай отырып, еңбек қызметін сенімді жалғастыра алады.

Сондай-ақ министрлік өкілдері болашақта жүйе дамитынын, бұл Қазақстанда медициналық кадрларды оқыту мен кәсіптік даярлауда одан да жоғары стандарттарды қамтамасыз ететінін атап өтті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-23
Утром0.6 ℃
Днем3.33 ℃
Вечером5.05 ℃
Ночью0.1 ℃
Влажность72 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра5.71 м/с
2025-03-24
Утром-2.24 ℃
Днем5.97 ℃
Вечером6.69 ℃
Ночью2.24 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1034
Скорость ветра5.18 м/с