Батыс Қазақстанда 430 борышкер әкімшілік қамаққа алынды

Батыс Қазақстан облысында өткен жылы мәжбүрлеп орындату саласы бойынша 645 борышкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалды.

Фото: freepik.com

БҚО әділет департаменті басшысының орынбасары Естай Рашқалиевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, соның нәтижесінде 173 борышкерге айыппұл салынса, 430-ы әкімшілік қамаққа алынды.

Естай Елтайұлының сөзіне қарағанда, 2024 жылы сот орындаушыларының өндірісінде 152,7 млрд теңгенің 296 954 атқарушылық іс жүргізу құжаты болды. Соның 51,5 млрд теңге болатын 125 851 құжаты орындалды.

-Сот актілерін орындаудан қасақана жалтару ҚР қылмыстық немесе әкімшілік заңнамаларына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Осы орайда прокуратура, полиция және жеке сот орындаушылары өңірлік палатасымен бірлескен жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, өткен жылы сот орындаушыларының ұсынымдары негізінде 4 борышкер ҚР ҚК 139-бабына сәйкес сот үкімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 8 қылмыстық іс тараптардың татуласуымен тоқтатылса, 17-сі алдын ала тергеу сатысында қаралуда, – деді Е.Рашқалиев.

Оның айтуынша, әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдар алдыңғы жылмен салыстырғанда, 54,2 пайызға немесе 295 іске көбейген. Әкімшілік қамаққа алынғандар 50,6, айыппұл салынғандар 58,9 пайызға өскен.

-2024 жылы алимент төлемдері бойынша берешегі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 20 жәрмеңкесі өткізілді. Соның нәтижесінде 462 борышкер жұмыспен қамтылды. Бір жылда осы сала бойынша сот орындаушыларына қатысты 125-тен астам арыз-шағым түскен, – деді департамент басшысының орынбасары.

KAZINFORM

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-23
Утром0.6 ℃
Днем3.33 ℃
Вечером5.05 ℃
Ночью0.1 ℃
Влажность72 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра5.71 м/с
2025-03-24
Утром-2.24 ℃
Днем5.97 ℃
Вечером6.69 ℃
Ночью2.24 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1034
Скорость ветра5.18 м/с