Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Онда ерікті өзін-өзі қорғау жасағы құрылады. Аумақтық өзін өзі қорғау бригадасы үшін қалашық салу шығындары толығымен облыс бюджетіне түсті.

Аумақтық қорғаныс үшін әскери қалашық 2023 жылы әуежай маңындағы Подстепное ауылының жанында 4.5 гектар жерде салына бастады. Онда 99250 әскери бөлімі орналасады.
Аумақтық өзін өзі қорғау жергілікті бюджет есебінен ұсталады. Облыс әскери қалашық салу бойынша шығыстарды өз мойнына алды, бұл шамамен екі млрд теңге сомасы.
Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов бұл оқиғаның жауынгерлік дайындықты арттырудағы және елдің қорғаныс қабілетін нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.
– Бүгін біз Президенттің қорғаныс ведомствосының инфрақұрылымын жетілдіру туралы тапсырмасының қалай орындалып жатқанына куә болып отырмыз. Аумақтық қорғаныс мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды қамтамасыз етуге арналған әскери ұйым жүйесінде маңызды рөл атқарады. Бригада объектілері құрылысының бірінші кезеңінің аяқталуы – біздің министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың тығыз ынтымақтастығының нәтижесі, – деп атап өтті ол.
Жаңа нысандардың ашылуының белгісі ретінде іс-шараның құрметті қонақтары лентаны кесіп, жаңа ғимараттарды аралап шықты.

Бастапқы кезеңде әскери бөлімнің штабы, екі казарма, бақылау-өткізу пункті, саптық плац және кіреберіс жолдар пайдалануға беріліп отыр.
Аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Расул Закиров хабарлағандай, кейін оқу және спорт корпустарын, асхана мен клубты, қоймаларды салып, техникалық аумақты жайластыру көзделіп отыр.

Сондай-ақ, аумақтық қорғаныс бөлімшелері арасындағы жауынгерлік жарыстың қорытындысы бойынша 99250 әскери бөлімі екі жыл қатарынан бірінші орынды иеленіп келеді. 2024 жылдың көктемінде Батыс Қазақстан облысының аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылды. Табиғи апатқа қарсы күресте бөлімнің жауынгерлері ауыр жұмыс атқарып, құм салынған қаптардан бөгет тұрғызды. Эвакуация кезінде халыққа көмек көрсетті. Дәл осы сындарлы кезеңде әскери қызметшілердің халықпен бірлігі ерекше көзге түсті.

«Әлемдегі соңғы оқиғалар дәлелді, алдын ала дайындалған аумақтық қорғаныс құру қажеттілігін көрсетті. Аумақтық қорғаныс отрядтарының құрамына кірген әрбір ерікті штаттан тыс жағдайларда өткізілген жаттығулар есебінен не істеу керектігін, төтенше жағдайларда қандай әрекеттер жасау керектігін және террористік және экстремистік сипаттағы қауіп туындаған жағдайда нақты білетін болады», — деді отставкадағы генерал-майор Махмуд Телегусов «Deutche welle» басылымына.

Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органның мүшесі — Ұлттық құрылтай — саясаттанушы Бурихан Нұрмұхамедов өзінің DW түсініктемесінде «Аумақтық қорғаныс туралы» заңды жедел қабылдау процесіне Украина төңірегіндегі оқиғалар әсер еткенін жоққа шығармады. Оның бақылауларына сәйкес, 2022 жылы Киевті қорғауда шешуші рөл атқарған аумақтық қорғаныс отрядтары болды, керісінше, олардың Курск облысында болмауы УҚК-не Ресей аумағына кедергісіз кіруге мүмкіндік берді.
