Қазақстанда кімдер декреттік төлемдерден айырылады?

Декреттегі ана немесе әке ресми жұмысқа орналасса, декреттік төлем толық тоқтап қалады. 

Көрнекі сурет

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры декретке шыққан ана немесе әке баласы 1,5 жасқа толмай тұрып жұмысқа орналасса, декреттік төлем тоқтатылатынын еске салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» декретке шыққан анасына немесе әкесіне бала күтіміне байланысты табысынан айырылғандықтан, әлеуметтік төлем төлейді. Бұл төлем оған баласы 1,5 жасқа толғанға дейін беріледі. Дегенмен декреттегі ана немесе әке ресми жұмысқа орналасса, декреттік төлем толық тоқтап қалады. 

 “Бұл төлемді алудағы негізгі шарт – адамның табысынан айырылғанында және бала күтімімен айналысқанында. Бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді алатын уақыт, яғни 18 ай бойы сақталуы керек. Осы ретте төлем алушыда әлеуметтік төлемді алып жатқан кезде еңбек қызметін жүзеге асырса, табысынан айырылған болып есептелмей қалады”, – деп еске салды қор. 

Декретке шыққан ата-ана жұмысқа орналасса, мұны 10 жұмыс күн ішінде “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне хабарлауы керек. Ол арыз жазғаннан кейінгі келесі айдың бірінен бастап төлем тоқтылады. 

Ата-ана еңбек қызметіне қайта оралғанын ескертпесе, сот шешімі бойынша ол жұмыс істеп бастаған уақытынан бастап алған төлемді қайтаруға міндеттеледі. 

Сонымен қатар қордың мәліметінше, Әлеуметтік кодекс бойынша, көп балалы аналар республикалық бюджет қаражаты есебінен тиісті жәрдемақы алады. Ал отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспаса, онда бюджет қаражаты есебінен атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.22 ℃
Днем9.96 ℃
Вечером10.94 ℃
Ночью6.37 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.16 м/с
2025-03-29
Утром2.83 ℃
Днем10.57 ℃
Вечером11.89 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.34 м/с