БҚО-да тыныштықты бұзғаны үшін 3 мыңнан астам адамға айыппұл салынды

Құқық бұзушылық саны әрқашан өңір халқының санына байланысты емес. Ең бастысы, сан емес, халықтың тығыздығы мен көпқабатты үйлердің саны.

gov.kz

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі 2024 жылы тыныштықты бұзғаны үшін 3 074 адамға айыппұл салынғанын хабарлады. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабына сәйкес, адамдардың тыныштығы мен демалысына кедергі келтіретін кез келген шу бұзушылық болып саналады. Бұл тұрғын үйлерде немесе тұрғын үй құрылыстарының аумағында орналасқан жеке тұлғаларға да, ойын-сауық мекемелеріне де қатысты.

Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу, сол сияқты тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзуы – жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл:

-жеке тұлғаға 5 АЕК мөлшерінде;

-шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 20 АЕК мөлшерінде;

-орта кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК мөлшерінде; ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде.

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Егер бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұлдар көбейеді:

-Жеке тұлғалар, шағын және орта бизнес үшін-екі есе.

-Ірі бизнес үшін-150 АЕК дейін

Естеріңізге сала кетейік, жұмыс күндері 22:00-ден 9:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 23:00-ден 10:00-ге дейін шу шығаруға болмайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.22 ℃
Днем9.96 ℃
Вечером10.94 ℃
Ночью6.37 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.16 м/с
2025-03-29
Утром2.83 ℃
Днем10.57 ℃
Вечером11.89 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.34 м/с