Денсаулық сақтау министрі халықтың дәрі дәрмекке қанша ақша жұмсайтынын айтты

Тұрғын үй салынған жерде, балабақша немесе мектеп емес, алдымен дәріхана пайда болады.

Көрнекі сурет: Дарья Буранова.

Халықтың қалтасынан шығатын шығындардың 51-52%-ы дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Jibek Joly телеарнасындағы УӘДЕ жобасына арнайы сұхбат беріп, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылаған. Сұхбат барысында министр дәріхана бизнесінің қарқынды дамып жатқанына назар аударды.

«Бүгінгі таңда дәріханаларды ұстап тұру, осы бизнеске кіру өте пайдалы болып тұр. Себебі дәрі-дәрмектердің бағасын реттеу бұйрықтары айналып келіп Денсаулық сақтау министрлігіне келеді. Біздің миссиямыз – нормативті құқықтық актілерді халық үшін, емдеу мекемелері үшін жасау», – деді Ақмарал Әлназарова.

Министр халықтың жеке шығындарының құрылымына нақты талдау жасалғанын атап өтті.

«Халықтың қалтасынан шығатын шығындардың 51-52%-ы дәрі-дәрмектерді сатып алуға жұмсалады. 15-20%-ы емделуге, 30%-ы лабораториялық қызметтерге кетеді. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз – халықтың қалтасынан шығатын шығындарды азайту», – деді министр.

Сұхбат барысында УӘДЕ жобасының жүргізушісі, журналист Ерболат Мұхамеджан дәріхана бизнесінің дамуына байланысты пікір білдірді.

«Кез-келген қалада тұрғын үй салынса, балабақша немесе мектеп емес, алдымен дәріхана пайда болады. Тіпті, осы саладағы кәсіпкерлердің депутат болып отырғанын да білеміз», – деді ол.

Сұхбатта дәрі-дәрмектердің бағасын реттеу, халыққа қолжетімді медициналық қызмет көрсету және денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру тақырыптары жан-жақты талқыланды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-13
Утром-12.08 ℃
Днем-7.58 ℃
Вечером-8.67 ℃
Ночью-10.94 ℃
Влажность90 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра2.43 м/с
2025-02-14
Утром-11.91 ℃
Днем-4.92 ℃
Вечером-8.29 ℃
Ночью-10.3 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4 м/с