12 жастағы қызды әуежайда жалғыз қалдырған әуе компаниясы 5 млн теңге өтемақы төлейді
Сот үкімі заңды күшіне енді.

12 жастағы қызды әуежайда жалғыз қалдырған оқиға бойынша Алматы соты түпкілікті шешім шығарды. Зерені ұшаққа отырғызбай, оның орнын басқа жолаушыға бергені үшін Fly Arystan әуе компаниясы 5 миллион теңге моральдық өтемақы төлейді.
Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Данильхан Шағатаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Алматы қалалық сотының сот алқасы апелляциялық шағымды қанағаттандырмады, алғашқы сот шешімін күшінде қалдырды. Бұл дегеніміз – баланың анасы 5 миллион теңге моральдық өтемақыны толық көлемде алады. Біз бұл даулы істің аяқталғанына қуаныштымыз және жеңіске жеткенімізді мақтанышпен айтамыз. Сот үкімі заңды күшіне енді», – деді адвокат.
Естеріңізге сала кетейік, 12 жасар Зеренің орнын басқа жолаушыға беру себепті оны ұшаққа кіргізбей қойған. Бейтаныс қалада, тіркеу аймағында бірнеше сағат бойы жылап отырған қызды анасы туыстар мен таныстары арқылы іздеп, көмек сұраған. Қоғамдық резонанстан кейін Fly Arystan басшылығы қыздың анасымен кездесіп, 4 миллион теңге өтемақы ұсынған. Бірақ әйел сотқа жүгінуді жөн көрген. Қазан айында сот әуе компаниясын қызмет көрсету ережелерін өрескел бұзғаны үшін 5 миллион теңге төлеуге міндеттеген еді. Алайда компания бұл шешімге қарсы апелляциялық шағым түсірген болатын.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 12 жастағы қызды ұшаққа мінгізбей қойған: Air Astana компаниясы 5 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді
FlyArystan баланы басқа қалада қалдырып кеткен: компания қалай жазаланды
FlyArystan-ның 12 жасар қызды әуежайда қалдырып кетуі: компания жауапқа тартылды
Air Astana мен FlyArystan компанияларына жоспардан тыс тексеріс болады
Қызды ұшаққа жібермеген: FlyArystan басшысы кешірім сұрап Оралға ұшып келді
Fly Arystan компаниясы ұшаққа отыруға жіберілмеген қыздың анасына 4 млн теңге ұсынған
«Өрескел жағдай»: ААК FlyArystan-ды баланы тастап кеткені үшін жазалауға уәде берді