Қазақстан пойыздарында интернет қашан пайда болады

Еліміздің пойыздарында интернет қамту мақсатында пилоттық жоба іске қосылды. 

Фото: orda.kz

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы агенттіктің ресми сауалына спутниктік байланыс технологияларын тестілеу «Астана — Алматы» бағытындағы № ¾ пойызда жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жоба OneWeb спутниктік жүйесі арқылы желіге қосылуға бейімделген вагондардың қолданыстағы мультимедиялық жабдықты пайдаланады.

— OneWeb — мобильді спутниктік байланысқа негізделген жоғары жылдамдықты интернет жүйесі. Қазақстандағы технологияның ресми дистрибьюторы Jusan Mobile АҚ телеком-операторы, – деп түсіндірді ҚТЖ. 

Тестілеу барысында бүкіл маршрут бойынша интернеттің тұрақтылығы мен орташа жылдамдығы тексеріледі. Сонымен қатар жолсеріктердің мобильді терминалдарының, қолма-қол ақшасыз төлемдерге арналған POS-терминалдардың, пойыз бастықтарының кеудеге ілетін видеотіркегіштер мен бейнебақылау жүйелерінің жұмысы бағаланады. 

Пойыздарда интернетті қосудың нақты уақыты тест нәтижелеріне байланысты болмақ. 

— Пилоттық жоба аясында интернет желісіне қосылудың техникалық мүмкіндігі ғана тексеріледі. Интернетті қосудың мерзімі мен экономикалық құрамдас бөліктер бойынша шешім пилоттық жобаның нәтижелері бойынша қабылданады, – дейді компаниядан. 

Одан бөлек, Қазақстан темір жолы компаниясы отандық және шетелдік басқа жеткізушілердің ұсыныстарын қарастырады. Қорытынды шешім қызметтің сапасын, тиімділігін және құнын ескере отырып қабылданады. 

Егер жоба сәтті болса, интернет барлық пойызда қосылуы мүмкін. 

KAZINFORM

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.22 ℃
Днем9.96 ℃
Вечером10.94 ℃
Ночью6.37 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.16 м/с
2025-03-29
Утром2.83 ℃
Днем10.57 ℃
Вечером11.89 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.34 м/с