Батыс Қазақстанда судан алынған сынамалар сәйкессіздік бар екенін көрсетті

Батыс Қазақстан облысында өткен жылы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі бойынша санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 4 137 сынама алып, зерттелген.

Фото: freepik.com

БҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Керееваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлімдегеніндей, соның 6,2 пайызы немесе 257-сі талапқа сай келмеген.

Оның сөзіне қарағанда, сәйкессіздіктер Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарына тән болып шықты.

-Сонымен қатар микробиологиялық көрсеткіштерге облыс бойынша 4 337 сынама зерттеліп, соның 135-і немесе 3,1 пайызы сәйкес келмеді. Мұндай кемшілік Бөкей ордасынан басқа барлық аудан мен Орал қаласында анықталды. Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесі бойынша 360 сынаманың 45-і (Ақжайық, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі аудандарынд) талапқа сай болмады. Сол секілді санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштерге 425 сынама зерттеліп, 41-інен (Жаңақала, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі ауданы) сәйкессіздік табылды. Сәйкессіздік анықталған барлық су құбырларында жуу және дезинфекция жұмыстары жүргізілді, — деді Г.Кереева.

Департамент мәліметінше, оған қоса санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг кезінде 389 бақылау нүктесінен 42 508 атмосфералық ауа сынамасы алынып, соның 63-і төрт көрсеткіш – шаң, күйе, көміртегі тотығы, күкіртті сутек бойынша гигиеналық нормативтерге сай болмай шыққан.

KAZINFORM

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.15 ℃
Днем23.25 ℃
Вечером21.37 ℃
Ночью15.18 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.06 м/с
2026-10-15
Утром14.28 ℃
Днем21.04 ℃
Вечером13.5 ℃
Ночью13.69 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.28 м/с