Биыл студенттердің стипендиясы 2 есе өседі

Бұл туралы 13 қаңтарда Жоғары білім және ғылым министрлігі айтты.

Фото: aptamedia.kz

2025 жылы ЖОО және колледж студенттері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады. Бұл туралы 13 қаңтарда Жоғары білім және ғылым министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттеріне стипендия 52 372 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін, магистранттарға – 117 098 теңгеге, докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі. Интернатурада оқитын студенттерге стипендия – 94 862 теңге, ал резидентурада – 134 664 теңге көлемінде төленетін болады»,—делінген хабарламада.

Емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда студенттердің жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.

Мемлекеттік стипендиядан басқа, жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша 104 744 теңге мөлшерінде тағайындалатын оқуда ерекшеленген студенттерге, олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздарына арналған президенттік стипендия бар.

Президенттік стипендияны 3-оқу жылынан бастап студенттер және 2-оқу жылынан бастап магистранттар ала алады. Мұндай стипендияға бюджеттік негізде оқитын студенттер де, ақылы негізде оқитындар да құқылы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.22 ℃
Днем9.96 ℃
Вечером10.94 ℃
Ночью6.37 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.16 м/с
2025-03-29
Утром2.83 ℃
Днем10.57 ℃
Вечером11.89 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.34 м/с