Қазақстанда қандай несиелер автоматты түрде жойылады

Қазақстандықтар Egov сайты мен мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді «Стоп-кредит» қызметін пайдаланып, өзіне несие алуға тыйым сала алады.

коллаж: Halyq Uni

Еліміздің Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтар несие алудан өз еркімен бас тартып, берешегін жоя алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаржылық алаяқтықпен күресу мақсатында несиеден ерікті түрде бас тарту шарасы енгізілді. Қазақстандықтар Egov сайты мен мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді «Стоп-кредит» қызметін пайдаланып, өзіне несие алуға тыйым сала алады.

Қызметті компьютер арқылы қалай пайдалануға болады

  • egov.kz сайтындағы жеке кабинетке кіріңіз;
  • «Қызметтер» бөлімінде «Банктік несиелерді, шағын несиелерді алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдап, онлайн тапсырыс беріңіз;
  • Барлық қажетті жолдарды толтырып, электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭСҚ) пайдаланып өтінішке қол қойыңыз;
  • Жеке кабинетіңіздегі сұрау нәтижесі туралы хабарламаны «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен оқи аласыз. 

Мобильді қосымша арқылы қызметті қалай пайдалануға болады

  • Egov мобильді қосымшасын ашыңыз;
  • «Қызметтер» бөліміне өтіп, «Салық және қаржы» ішкі бөлімін таңдаңыз;
  • «Банктік несиелерді, шағын несиелерді алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдаңыз;
  • Қажетті деректерді толтырыңыз және сұрауға электронды түрде қол қойыңыз.

Сұранысты жібергеннен кейін несие тарихыңызда несие алудан бас тарту туралы жазба пайда болады. Несиелік бюролардан ақпарат сұраған несиелік ұйымдар бұл шектеуді көріп, несие беруден бас тартады. Жеке тыйымға қарамастан, сіздің хабарыңызсыз несие берілсе, қарыз автоматты түрде жойылады.

Айта кетерлігі, қызметті кез келген уақытта өшіруге болады. Шектеу ломбардтар мен клиенттерінің несиелік тарихын бағаламайтын басқа ұйымдарға қолданылмайды. 2024 жылдың 30 желтоқсанындағы жағдай бойынша «Стоп-кредит» қызметін 920 мыңнан астам азамат пайдаланды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-21
Утром2.62 ℃
Днем10.46 ℃
Вечером10.07 ℃
Ночью5.94 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.18 м/с
2026-04-22
Утром4.1 ℃
Днем9.4 ℃
Вечером10.71 ℃
Ночью8.05 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.36 м/с