«Байларды басқа жерден іздеңдер»: депутаттар мобильді аударымдарды бақылауға қарсы шықты

Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі аударым сомалары емес, тек қатарынан 3 ай бойы 100-ден астам адамнан аударым қабылдаған жеке тұлғалар бақылауға алынатынын атап өтті. 

фото: ашық дереккөзден

«Ақ Жол» партиясының депутаттары мәжілісте мобильді аударымдарды тексеру мәселесін қайта көтерді. Олардың айтуынша, заңның қазіргі редакциясы бизнеске және қарапайым қазақстандықтарға зиян тигізеді.

БАҚЫЛАУДЫҢ МӘНІ НЕ

“Ақжол” фракциясының жетекшісі Азат Перуашевтің айтуынша, мобильді аударымдарды бақылау тәсілін қайта қарастыру бұрынғы отырыстардың бірінде уәде етілген. Алайда, заң бизнес пен азаматтар үшін ыңғайсыз күйде күшіне енді. 2024 жылдың басында өзгерістерді талқылау кезінде Ұлттық банк мобильді төлемдердің 30%-ға төмендегенін, ал шағын бизнестің қолма-қол төлемге жиі көше бастағанын хабарлаған.

ҚАЙ ЖОЛ ДҰРЫС

Перуашев мобильді аударымдарды бақылау тәсілін Ресей тәжірибесіне сүйене отырып қайта қарауды ұсынды. Ресейде 2020 жылдан бері мониторинг тек күніне 30-дан астам аударым қабылдайтындарға жүргізіледі. Әр аударымның сомасы кемінде 1000 рубль (шамамен 5,5 мың теңге), ал айлық сома миллион рубльден (шамамен 5,5 млн теңге) асуы керек.

— Бізде болса, ең кіші төлемдерге дейін, жалпы сомасы 255 мың теңгеден асатын барлық аударым бақылауға алынады. Бұл көрші Ресейдегі шектен 20 есе аз. Осыншама қажетсіз ақпараттың кімге және қандай пайдасы бар? Бизнес салық төлеуге міндетті екенін түсіне отырып, «Ақ Жол» фракциясы мониторингке жататын төлемнің төменгі шегін 3-5 мың теңге көлемінде белгілеу қажет деп санайды, — деді Перуашев.

ШАҒЫН БИЗНЕС МӘСЕЛЕСІ

Мәжілісменнің пікірінше, 255 мың теңгелік шек — «орынсыз», себебі бұл кәсіпкердің таза табысы емес. Оның есептеуінше, мұндай айналымнан таза табыс 50-60 мың теңге, бұл ең төменгі жалақыдан да аз. 255 мың теңге таза пайда алу үшін кәсіпкердің айналымы миллион теңгеден асуы керек.

— Айталық, шағын және микробизнес дегеніміз – кішігірім дүкендерде, дәмханаларда адал еңбек етіп, ұсақ қызмет көрсетумен айналысатын қарапайым адамдар. Олар бюджеттен ұрламайды, миллиардтарды офшорға шығармайды. Мұндай кәсіпкер артық 10-20 мың теңге тапса, ол ақшаны елде қалдырады. Мысалы, баласына киім сатып алады немесе өз бизнесін сәл кеңейтеді. Олигархтарды басқа жерден іздеңіздер, құрметті шенеуніктер. Миллиардтарды қалтасына басып жүргендерді іздеумен айналысыңыздар, – деді Перуашев. 

АУДАРЫМДАРДЫ БАҚЫЛАУ

Kaspi банкте ұялы телефон нөмірі тіркелген азаматтардың аударымдарын бақылау мәселесі әлі де көп талқыға түсіп жатыр. Бүгін қаржы министрлігінің өкілдері журналистердің басын қосып, осы тақырыпта баспасөз мәслихатын өткізді. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі аударым сомалары емес, тек қатарынан 3 ай бойы 100-ден астам адамнан аударым қабылдаған жеке тұлғалар бақылауға алынатынын атап өтті. Мұндай жағдайда, аударым қабылдаған жеке тұлғаның ЖСН-і мемлекеттік кірістер комитетіне жіберіледі, ал тұлғаның өзіне камералдық бақылау жүргізу туралы хабарлама жолданады. Ол не себепті осыншама аударым алғанын түсіндіруі керек. Бұл талапты орындауға 30 жұмыс күні беріледі. Егер адам бұл хабарламаға жауап бермесе, оның шығыс операциялары уақытша тоқтатылады. 

 Ulysmedia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.22 ℃
Днем9.96 ℃
Вечером10.94 ℃
Ночью6.37 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.16 м/с
2025-03-29
Утром2.83 ℃
Днем10.57 ℃
Вечером11.89 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.34 м/с