Батыс Қазақстан облысында мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды

Тергеу барысында жақын маңнан ұрланған малдың көмілген терілері, бастары және басқа да бөліктері табылды. Сондай-ақ қылмыс жасауға пайдаланылған құралдар тәркіленді.

Батыс Қазақстан облысында мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан Жәнібек ауданының екі тұрғынын құрықтады. Күдіктілер ұрланған малдың етін облыс орталығына тасымалдау кезінде ұсталған.

Көлікті тексеру барысында еркін жайылымнан ұрланған екі ірі қараның сойылған еті табылды. Тергеу барысында малдың Жәнібек ауданының бір тұрғынына тиесілі екені анықталды.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілердің бірі осыған дейін аудан аумағында тағы үш рет мал ұрлығын жасағаны белгілі болды. Олар ұрланған малды сатып, айғақ заттар ретінде терілерін Сарыөзек өзенінің көпірінің астына тастаған.

Сонымен қатар күдіктілердің бірі малшы болып жұмыс істеп жүрген кезде қылмыс жасағаны анықталды. Тергеу барысында жақын маңнан ұрланған малдың көмілген терілері, бастары және басқа да бөліктері табылды. Сондай-ақ қылмыс жасауға пайдаланылған құралдар тәркіленді.

Қазіргі уақытта мал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс материалдары сотқа процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-16
Утром5.24 ℃
Днем5.22 ℃
Вечером2.72 ℃
Ночью0.04 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра6.22 м/с
2025-11-17
Утром-1.82 ℃
Днем2.41 ℃
Вечером1.56 ℃
Ночью2.12 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра3.35 м/с