Оралдағы емхана ЖКО үшін 2,4 млн теңге төлеуі тиіс
Емхана мен сақтандыру компаниясы залалды толығымен өтеуі керек.

Апат 2024 жылдың 19 қаңтарында бірнеше көліктің қатысуымен болды. Нәтижесінде ер адамның көлігі зақымданып, жол-көлік оқиғасына қалалық емхана кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық соты.
Талап қоюшының сақтандыру компаниясына жүгінген кезінде, зақымды 2 329 727 тенгеге бағалаған. Талап қоюшы бұл есеппен келіспей, жол көлік оқиғасынан келтірілген шығынды 8 854 617 тенгеге бағалаған бағалау компаниясына жүгінген. Жауапкер қалалық емхана мен сақтандыру компаниясы бұл талаппен келіспей, талап арызды қанағаттандырудан бас тартуын сұрады.
Қалпына келтіру жөндеу жұмыстарының құнын анықтау мақсатындағы сот тағайындаған сот-тауар сараптамасы келтірілген зақым құнын 9 237 639 тенгеге бағалады. Сот жол-көлік оқиғасынан кейін келтірілген шығынды есептеуді жарамсыз деп танып, 9 237 639 тенге материалдық шығынды өндіру туралы шешім шығарды. Оның ішінде қалалық емханадан 7 892 463 теңге, сақтандыру компаниясынан 2 439 198 тенге.
Шешім заңды күшіне енді.