БҚО-да тұмаудың түрлері өршіп тұр

Батыс Қазақстан облысында 5 адамнан метапневмовирус анықталды. Тағы 61 адам шошқа тұмауына шалдыққан.

Фото: Halyq Uni

Соңғы аптада тағы 3 адамнан осы вирус анықталды. Олардың біреуі 5 жастағы бала қазір Бәйтерек аудандық ауруханасында ем алып жатыр. Ал 20 жастағы ер адам мен 46 жастағы әйел осы біз тұрған облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен, деп жазады qazaqstan.tv.

Дәрігерлердің айтуынша, жағдайлары орташа ауыр. Барлық ем-шара жасалып жатыр. Сондай-ақ өңірде 61 адам «шошқа тұмауына» шалдыққан. Медициналық атауы H1N1 деп аталатын жұқпалы ауру да тұмаудың кең таралған бір түрі.

Метапневмовирус болсын, басқа да айтып өткен аденовирус, боковирус, т.б. барлығы да жіті респираторлы жұқпаның түрлері. Клиникалық белгілері де бірдей басталады. Яғни әлсіздік, мұрыннан су кету және құрғақ жөтел, содан кейін ылғалдыға айналады. Жедел респираторлық вирусты инфекцияның таралуына жол бермеу үшін өздігіңізден емделмеуіңізді сұраймыз,- дейді Нұрлыбек Мұстаев, БҚО санэпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары.

Бұған қоса 11 тұрғыннан коронавирус анықталған. Эпидемиологиялық кезең басталғалы бері, яғни 1 қазаннан бастап 72 мыңға жуық адам тұмау тәріздес түрлі вирусты жұқтырған. Олардың 50 мыңы — бала.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-19
Утром17.83 ℃
Днем25.46 ℃
Вечером26.91 ℃
Ночью19.26 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.95 м/с
2025-07-20
Утром16.15 ℃
Днем28.8 ℃
Вечером31.74 ℃
Ночью23.53 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра4.15 м/с