Елде заңсыз сыйақы беру қылмыс болып саналмақ

Осы мақсатта бопсалау белгілері мен аса ірі мөлшерде заңсыз сыйақы алу жағдайларын анықтау үшін арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсатымен «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңға өзгерістер енгізіледі.

Фото: Halyq Uni

Мәжіліс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы аясында Қазақстанда заңсыз сыйақы бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу қарастырылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мәжілістің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

Мәжіліс баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 247-бабы (Заңсыз сыйақы алу) бойынша істі тиімді анықтау үшін Қылмыстық кодекстің 366-бабы (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде пайдаланылған жедел-іздестіру қызметінің барлық арсеналы пайдаланылуға тиіс. Осы мақсатта бопсалау белгілері мен аса ірі мөлшерде заңсыз сыйақы алу жағдайларын анықтау үшін арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсатымен «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңға өзгерістер енгізіледі.

Сондай-ақ Қылмыстық кодекс жаңа 247-1-баппен толықтырылып, заңсыз сыйақы бергені үшін жауапкершілік қарастырылады. Бұл тек алғандарды ғана емес, заңсыз сыйақы бергендерді де жауапқа тартуға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке заңсыз сыйақы алу және беру фактілері бойынша Ішкі істер министрлігіне тең дәрежеде тергеу жүргізу құқығы беріледі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-11
Утром-11.14 ℃
Днем-6.9 ℃
Вечером-9.13 ℃
Ночью-10.55 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра3.71 м/с
2025-02-12
Утром-11.75 ℃
Днем-6.86 ℃
Вечером-9.66 ℃
Ночью-11.83 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра3.53 м/с