БҚО-да үш адам қаза тапқан жол апаты бойынша сот үкімі шықты

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі жүргізуші Әлібек Меңдіғалиев пен Двумар Люшанлоға қатысты ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігіне (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет ) сәйкес қылмыстық іс қаралды.

Фото: ашық дереккөздерден

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Ә. Меңдіғалиев Самара-Шымкент тас жолында «Toyota Land Cruiser 150» автокөлігімен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған. Қарсы жолаққа шығып кетіп, Д. Люшанло айдап келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлік отқа оранып, үш адам көз жұмды.

Сот үкімімен Ә. Меңдіғалиев ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Оның кінәсі орынды тексеру хаттамасымен, жол-көлік оқиғасы схемасымен, сараптамалардың қорытындыларымен және Люшанло мен сарапшылардың айғақтарымен дәлелденген.

Фото: ашық дереккөздерден

— Д. Люшанло ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәсіз деп танылды және қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқ болуына байланысты ақталды. Оның кінәсіздігі кешенді қайта көлік-трасологиялық сараптаманың қорытындысымен расталады. Соқтығысу кезінде «Volvo FH» автомашинасы өзінің қозғалыс жолағында болған және жүргізуші тежеу жолымен соқтығысудың алдын алу шараларын қолданған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, – деп хабарлады ведомстводан. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Батыс Қазақстанда Toyota Prado жүк көлігімен соқтығысып, үш адам қаза тапты

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-13
Утром-12.08 ℃
Днем-9.01 ℃
Вечером-8.67 ℃
Ночью-10.94 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра2.43 м/с
2025-02-14
Утром-11.91 ℃
Днем-4.92 ℃
Вечером-8.29 ℃
Ночью-10.3 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4 м/с