БҚО-да зейнетақы жарналарын төлемей келген кәсіпорын жазаланды
Мемлекеттік кәсіпорындардың бірі 28 қызметкерге 3 миллионнан аса зейнетақы жарналарын төлемеген.

БҚО-да зейнетақы жарналарын төлемей келген кәсіпорын жазаланды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының прокуратурасы міндетті зейнетақы жарналарын аудармау дерегін анықтады.
«2024 жылғы қаңтар-шілде айлары аралығында мемлекеттік кәсіпорындардың бірі 28 қызметкерге 3 миллионнан аса зейнетақы жарналарын төлемегені анықталды», – деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бойынша жауапты кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, қарызды өтеу шараларын қабылдау туралы прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік кәсіпорын Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 91-бабының 6-бөлігінің 5-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қарыз толығымен өтелді.