Қазақстан әуежайларында шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін

Бұл бұйрық жобасы “Ашық НҚА” порталында 31 қаңтарға дейін талқылау үшін қолжетімді.

Фото: airlift.ua

Қазақстанда әуежайларда шекаралық бақылаудан өту рәсімін жеңілдету және ыңғайлы ету жоспарланып отыр. Бұл туралы Көлік министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құжатқа сәйкес, жолаушылардың шекаралық бақылаудан өту процесі жеңіл және жылдам болуы үшін мынадай шаралар қарастырылған:

• Шекара қызметімен келісілген әуежай стандарты енгізіліп, жолаушылардың ұшу/келу рәсімдеріне кететін уақыт реттелуі тиіс.

• Бақылаудан өту алдында жолаушыларға рәсімдер туралы қолжетімді ақпарат берілуі қажет.

• Паспорттық бақылау кезінде жолаушыларға қызмет көрсету жылдамдығы шекара қызметімен келісіліп, оның орындалуы қадағаланады.

• Жолаушылар саны жылына 1 миллионнан асатын әуежайларда паспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілуі шарт.

Сондай-ақ құжатта шекаралық бақылау қызметкерлерінің сыпайылығы мен ашықтығы қамтамасыз етілуі қажет екені атап өтілген.

Бұл бұйрық жобасы “Ашық НҚА” порталында 31 қаңтарға дейін талқылау үшін қолжетімді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-13
Утром-12.08 ℃
Днем-7.58 ℃
Вечером-8.67 ℃
Ночью-10.94 ℃
Влажность90 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра2.43 м/с
2025-02-14
Утром-11.91 ℃
Днем-4.92 ℃
Вечером-8.29 ℃
Ночью-10.3 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4 м/с