Енді қажылыққа баратындар екпе алады
Сауд Арабиясында жаңа шарт 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап жүзеге асады.

Қажылыққа баруды жоспарлап жүргендерге екпе алу міндеттелді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сауд Арабиясында жаңа шарт 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап жүзеге асады. Енді қажылыққа барушылар менингококкты менингитке қарсы екпе алуы керек.
Екпе кем дегенде 10 күн бұрын жасалуы керек. Полисахаридті екпе 3 жыл, конъюгацияланған екпе 5 жыл жарамды.
1 жасқа дейінгі балалардан екпе талап етілмейді.