Оралда автобус пен жедел жәрдем көлігінің қатысуымен ірі жол апаты болды
Оралда 21 қаңтарда сағат 10:44-те Құрманғазы мен Дәулеткерей көшелерінің қиылысында ірі жол апаты болды. Екі жеңіл көлік, №22 жолаушылар автобусы және медициналық арнайы көлік соқтығысты.

Апат Құрманғазы мен Дәулеткерей көшелерінің қиылысында болған. Онда үш адам зардап шекті: автобустың екі жолаушысы – 17 жастағы жасөспірім және 48 жастағы әйел, сондай-ақ 66 жастағы «Жедел жәрдем» жүргізушісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2025 жылғы 21 қаңтарда сағат 10.44 шамасында, Орал қаласында – Құрманғазы мен Дәулеткерей көшелерінің қиылысында 4 автокөліктің қатысуымен ЖКО орын алған. Жедел медициналық көмек жүргізушісі екінші көшеден шығып, басты көшеде келе жатқан №22 маршруттық автобуспен соқтығысуға жол берді.
Соққыдан №22 маршруттық автобус Құрманғазы көшесі бойындағы жол бойында тұрған «Тойота Камри» және «Хавал» автокөліктерімен соқтығысуға жол берді.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, апатқа ұшыраған «Жедел жәрдем» мемлекеттік автокөлігі емес, жеке шұғыл көмек көлігі.
Апат салдарынан үш адам зардап шекті.
2007 жылы туған жасөспірім автобустың жолаушысы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді, дәрігерлерді тексергеннен кейін амбулаториялық емделуге жіберілді.
1958 жылы туған ер адам мен 1976 жылы туған әйелді дәрігерлер көмек көрсету үшін облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізді.